Лента новостей
0

Қуандық Бишімбаев әлеуметтік мәні бар тауарлар бағасының өсуінің негізгі себептерін атады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 20.09.2016 17:43 Zakon.kz
Үкімет отырысы барысында ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әлеуметтік мәні бар тауарлар бағасының өсуін ұстап тұру шаралары бойынша есеп берді.
«Ұлттық экономика министрлігі нарықтар теңгеріміне талдау жүргізді, нәтижесінде ішкі нарықтағы әлеуметтік мәні бар тауарлар бағасының өсуіне әсер ететін бірқатар себептер анықталды. Біріншісі – әлемдік нарықтардағы баға жағдаятының өзгеруі және ұлттық валютаның әлсіреуі импорттық жеткізулерге тәуелді тауарларға әсер етті, олар бойынша отандық тауарларды тұтынудың қамтамасыз етілуі 60%-дан төмен», – деді Қ. Бишімбаев. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.

Екінші себеп ретінде министр ағымдағы жылы табиғи монополиялардың қызметтеріне тарифтердің және ЖЖМ бағасының артуын атады.

«Үшіншіден, маусымдық ауытқудың әсері. Жыл сайын тауардың жекелеген түрлері бойынша қоймадағы қордың азаюына байланысты олардың бағасы құбылып тұрады. Бұл ең алдымен көкөністер: картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, қызылша. Баға, әдетте, мамыр-тамыз айларында көтеріледі. Төртіншіден, экспорттық жеткізудің әсері. Еуразиялық экономикалық одақ аясында, Ресей мен Қырғызстанның шекара маңындағы бағалардың өскен жағдайда ішкі нарықтағы тауарлар құны да көтеріледі. Бүгінгі таңда жоғарыда аталған факторлар бағаның өсуіне әсер етті, жыл соңына дейін айтарлықтай өсім болмайды деп күтілуде», – деді Қ. Бишімбаев.

Министр азық-түлік бағасының өсуіне азық-түлік бағасының өсуімен күресуге арналған құралдар бар, атап айтқанда, өңірлердегі тұрақтандыру қорларынан тауар интервенцияларын жүргізу екенін атап өтті.

2015-2016 жылдардағы тұрақтандыру қорларының жұмысын талдау көрсеткендей, олардың әлеуеті тиісті деңгейде жұмыс істемейді. Министр бағалардың күрт өсуі азық-түлік тауарларының қорлары төмен өңірлерге тән екенін айтты.

Бұдан өзге, Қ. Бишімбаев нарық субъектілерінің жосықсыздығына тоқталып өтті.

«Тауарлардың үстеме бағалары 200% астамды құраған жағдайлар анықталды. Министрлік әлеуметтік мәні бер тауарларға бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында жұмыс жүргізуде. Монополияға қарсы орган ағымдағы жылдың басынан бері 27 тексеру жүргізді, олардың 12-сі аяқталды, 15 тексеру әлі жүргізілуде. Монополияға қарсы орган жүргізген тескерулердің қорытындысы бойынша материалдық санкциялардың жалпы сомасы монополиялық кірісті есептегенде шамамен 23 млн теңгені құрады, оның ішінде мемлекет бюджетіне 12 млн жуық теңге түсті», – деп баса айтты Қ. Бишімбаев.

Фото: total.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: