Лента новостей
0

ОҚО-да әкімшілік кедергілерді жою үшін «Ашық әкімдік» қызметі жұмыс істейді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 21.09.2016 21:59 Zakon.kz
Республикада алғашқы болып ОҚО әкімі аппаратында бірыңғай конкурстық комиссиясы құрылып, осы конкурстар арқылы 73 адам мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қабылданды.

Облыста көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту, әкімшілік кедергілерді жою бойынша «Ашық әкімдік» қызметі ашылды. Сонымен қатар, ашық ақпараттар толығымен «Ашық деректер», барлық қаулы жобалары «Ашық Нормативті Құқықтық Актілер», ал шоғырландырылған бюджеттік есептер мен бюджет жобалары «Ашық бюджет» порталдарында жариялануда. Бұл туралы zakon.kz Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекеттік қызметке кірудің ашықтығын және айқындығын қамтамасыз ету мақсатында, республикада алғашқы болып облыс әкімі аппаратында бірыңғай конкурстық комиссиясы құрылып, осы конкурстар арқылы 73 адам мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қабылданды.

Білікті жас мамандарды мемлекеттік қызметке тарту мақсатында облыста жоғары оқу орындарын үздік бітірген түлектер арасында іріктеу жүргізіліп, 50 жас маманнан тұратын «Кадрлардың алтын резерві» жасақталды.

Жалпы жоғарыда атқарылған жұмыстардың барлығы халықтың тұрмыс деңгейін арттыру үшін жасалып отыр.

Сонымен қатар, облыста қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға үлкен мән беріліп отыр.

Ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасы нығайтылып, 186 бейне бақылау камералары, 89 қызметтік автокөліктер, 10 интеллектуалды жол қозғалысы жүйесі алынды.

Биыл қолданыстағы заң аясында облыстық және аудан, қалалардағы Жергілікті полиция басшылары тағайындалды.

Жүргізілген жедел іздестіру шараларының нәтижесінде, есепті кезеңде ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылымы 70%-дан 72,8%, ауыр қылмыстың ашылымы 67,8%-дан 71,8%-ға жоғарылады.

Фото: ontustik.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: