Лента новостей
0

Б.Атамқұлов:Оңтүстік Қазақстан облысының негізгі басымды бағыты инвестиция тарту

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 21.09.2016 22:20 Zakon.kz
Бүгінгі таңда шетелдік инвесторлардың қатысуымен жалпы құны 2 млрд. АҚШ долларынан астам 24 жоба іске асырылуда.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмаларына сәйкес, ОҚО-да мемлекеттік бағдарламалар нәтижелі іске асырылуда. Негізгі басымды бағыттардың бірі инвестиция тарту болып табылады, - деді өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс төртінші сессиясында.

Осы мақсатта облыста «Ontustik Invest-2016» халықаралық инвестициялық форумы өткізілді. Еуропа және Азия елдеріне ресми іс-сапарлар ұйымдастырылуда.

Бүгінгі таңда шетелдік инвесторлардың қатысуымен жалпы құны 2 млрд. АҚШ долларынан астам 24 жоба іске асырылуда.

ОҚО-да сондай-ақ, шағын және орта бизнес ілгері дамуда.

Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасымен 6 айда 54 млрд. теңгеге 117 жоба мақұлданып, 983 жұмыс орны ашылды.

Жалпы бағдарлама қатысушылардан бюджетке 6,7 млрд. теңге салықтар түсіп, өткен жылмен салыстырғанда 409 млн. теңгеге артты.

«Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығымен» 19 905 кәсіпкерге көмек көрсетілді.

Өздеріңізге белгілі, жақында Үкіметтің кеңейтілген мәжілісі өткізіліп, Елбасымыз өңірлерді дамытуға қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.Аталған тапсырмаларда біздің негізгі стратегиялық бағыттарымыз айқындалған. Осыған орай, оны іске асыруды Сіздердің қолдау көрсетулеріңізбен бірлесе қол жеткізетін боламыз. Бұдан бөлек, жыл соңына дейін облысымызда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай бірқатар маңызды іс-шараларды өткізу жоспарлануда. Бұл мерейтойды жалпыұлттық сипатта өткізіп, елімізде Тәуелсіздік құндылықтарын нығайтуға баршамыз атсалысамыз деп ойлаймын. Алдағы уақытта да сіздер мен біздер бірлесе отырып, Елбасымен белгіленген «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын және «Мәңгілік ел» Ұлттық идеясын толық жүзеге асыратынымызға сенімдімін, - деді облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов.

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: