Лента новостей
0

Астанада Судьялар Одағының кезектен тыс VII съезі өтеді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 22.09.2016 21:25 Zakon.kz
Съездің жұмысына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев, Үкімет басшылары, әділет Министрі және Қазақстан Республикасының басқа ведомство басшылары қатысады.
Судьялар съезі мемлекеттің судьялық қауымдастығының басты форумы болып табылатыны көпшілікке мәлім. Судьялар съезі әділ сотты жүзеге асыру, сот шешімдерін орындау, сот жүйесі қызметкерлерінің моральдық – этикалық нормаларды сақтау, оларды әлеуметтік қорғау мәселелеріне талқылау және шешу, сонымен бірге ел билігінің үшінші тармағының қызметімен байланысты басқа сұрақтарды шешу мақсатында өткізіледі. Бұл туралы zakon.kz Алматы қаласының Бостандық ауданы сотының судьясы Нұрмаханбетов Нұрлан берген мәліметке сілтеме жасап хабарлайды.

Съездердің жұмысына республиканың барлық өңірінен судья ұжымдарының делегаттары, орталық мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, заң қоғамдастығының өкілдері, МЕҰ және халықаралық заң ұйымдары қатысады.

Қазақстан Республикасы судьяларының 2013 жылдың 20 қарашасында Астана қаласында өткен алтыншы съезінде тәуелсіз әділ сотсыз заңға деген құрметке қол жеткізу және қоғамда әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мүмкін еместігі аталып өтті. Осыны ескере, Қазақстан Республикасының судьяларының съезі құқықтық реформаны қамтамасыз ету ісінде судьялардың қоғамдық-саяси белсенділігін күшейтуге айырықша мән берді және судьялар қауымдастығының алдына қойған міндеттердің маңыздылығын түсіне, судьялар республикалық қоғамдық бірлестік түріндегі судьялар Одағын құру қажеттілігіне келді.

Судьялардың съезі судьялар қауымдастығында моральдық тазалықты, әдептілікті және жоғары эрудицияны қайта жаңғырту қажеттілігін негізге ала судьялар этикасының Кодексін қабылдауды мақсатты деп таныды.

Съездің жұмысына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев, Үкімет басшылары, әділет Министрі және Қазақстан Республикасының басқа ведомство басшылары қатысты.

Мені сол кезде Нұрсұлтан Әбішұлының негізгі баяндамашыны, әрбір сөз сөйлеушіні аса ықыласпен тыңдағаны және Съездің бүкіл отырысы бойы өзі тек екі рет ғана қысқаша жазба жасағаны таң қалдырды. Ал әрбір сөз алғандарға сілтеме жасай отырып, олардың аты-жөнін, лауазымын атай, Республика соттарының жұмысындағы жалпы жетістіктерге, сонымен бірге кемшіліктеріне және оларды алдын-алу жолдарына тоқтала, дайын мәтінсіз сөз сөйледі, дейді Алматы қаласының Бостандық ауданы сотының судьясы Нұрмаханбетов Нұрлан.

Президент сонымен бірге 1993 жылда қабылданған Қазақстан Республикасының Конститутциясынан кейін 1995 жылдың 20 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасының соттары және судьялардың беделі» Конституциялық Заңның ережелеріне де тоқталды. Бұл Заңды әрі қарай жетілдіру, яғни әділ сотты жүзеге асыруға қатысты заңнаманы түбегейлі өзгерту қажеттілігін айтты, бұл оның сот құрылымы және сот өндірісі сұрақтарында жеткілікті білікті екендігін куәландырады.

Осы нұсқаманы ұстана, Жоғары Соттың басшылығы Одақпен бірге судья қауымдастығының имиджін нығайту бойынша көп қырлы, тынымсыз еңбек жасай бастады. Бұл жұмыс заңнамалық және материалдық-қаржылық сипаттағы шаралармен бекемделеді.

Съезд ҚР Жоғары Сотының төрағасы Қайрат МӘМИДІҢ баяндамасын тыңдады, сәйкес шешім қабылдады, судьялар Одағының Жарғысына өзгертулер және толықтырулар енгізді судья қауымдастығының атқарушы органының жаңа құрамын сайлады. Съездің негізгі тақырыптары ретінде әділ соты жүзеге асыру кезінде заңдылықты сақтау бойынша судьялық корпустың қызметі болды.

Съезде алдағы жылдарда судья қауымдастығының және мемлекеттік биліктің сәйкес органдарының күш-жігері сот билігінің беделін және мәртебесін арттыруға, судьялардың шынайы дербестігін қамтамасыз етуге. Сот жұмысы кадрларына принципшілдік, әділдік және адалдық рухында тәрбиелеуге,; судьялардың кәсіби өсуін қамтамасыз етуге, олардың әрқайсысының Конститутцияның және заңдардың талаптарын мүлтіксіз сақтауға, қызметтік парызын орындауға ықылассыз қарау дәйектерін алдын алуға; «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьялар беделі туралы» Конституциялық Заңның талаптарын орындауға бағытталуы тиіс екендігі шешілген болатын.

Президент сот корпусын қалыптастыру процесі нағыз демократиялық негізде өтуде екендігі атап өтті. Президенттің пікірі бойынша, сот- құқықтық реформаның басты қорытындысы, адамдардың сотқа сенетін болғандығы және өз құқықтарын қорғауды өркениетті қоғамда қалыптасқандай соттарға жиі жүгіне бастағаны болды.

Съездің мақсаты әділ сот жүйесін жетілдіру,судьялардың құқықтық және әлеуметтік беделін нақты арттыру, судьялар қауымдастығын нығайту және дамыту бойынша құрастырымдық ұсыныстар әзірлеу болды. Сот жүйесін реформалау бойынша негізгі шаралар жалпылай жүзеге асырылған.

Жоғарғы Сот басшылық еткен бір сот жүйесі әрі қарай нығая түсуде, соттардың қызметінің заңнамалық базасы үнемі жетілу үстінде мамандандырылған экономикалық, әкімшілік, әскери соттар жемісті қызмет етуде.
Қазақстан Республикасының соттарының VІ съезі, мемлекетпен биліктің сот тармағының нәтижелі қызмет етуі үшін барлық қажетті жағдайлар жасалғанының атап өтті.

Биліктің басқа тармақтарының, судьялар корпусының, заң қауымдастығының өкілдерінің, қоғамдық және мемлекеттік емес ұйымдардың белсенді қатысуымен сот реформасын жүзеге асыру бойынша ауқымды жұмыс жасалды.

Өмірге енгізілген сот мониторингі судьялардың кәсіби сапасынан талаптарды күшейту және олардың әділ сотты жүзеге асыру кезінде заңды сақтауы бойынша жауаптылығын арттыру сұрақтарын шешу бойынша шаралардың бүтін жүйесін анықтады.

Облыстық соттардың және сот жюриінің пленарлық мәжілістері жұмысының әдістері қайта қарастырылды. Резервке енгізу үшін үміткерлер облыстық соттардың пленарлық мәжілісінде бекітіледі, бұл оларды іріктеу кезінде жариялылық және демократиялық принциптерін сақтауды қамтамасыз етеді.

Әділ сотты жүзеге асыру сапасы тұрақты жоғары деңгейде сақталуда. Істерді қараудың процессуалдық мерзімін бұзу минимумға дейін жеткізілді. Облыстық деңгейде сонымен бірге Жоғарғы Сотта, аудандық соттардың рөлін күшейтумен қадағалау инстанциясының санын қысқартуға мүмкіндік берген сот құрылымын және сот өндірісін оңтайландыру бойынша шаралар қабылданды.

Соттардың қызметтеріне ақпараттық технологиялардың заманауи жетістіктері енгізілуде. Төрелік автоматтандырылған электронды құжат айналымы, Жоғарғы және облыстық соттардың Ғаламтор-кеңістігінде қатысуы, сотталушылардың және олардың адвокаттарының қатысуымен сот процестерін жүргізу кезінде бейне конференцияларды, пайдалану, процеске қатысушы сотқа келмей-ақ Ғаламтор арқылы сотта өзінің құжаттарының жылжуымен таныса алатын соттарда ақпараттық киоскілерді орнату- сот жүйесінде бүгінде қол жеткізілген жетістіктер.

Съезд, азаматтардың құқықтары және бостандықтарын, ұйымдардың және мемлекеттік заңмен қорғалатын мүдделерін тиімді сот қорғауын қамтамасыз ету ісіндегі сөзсіз алға жылжуды атап өте, аталған бағыттардың өзінің қызметіндегі басымды деп санайды.

Сонымен бірге елдің сот жүйесіндегі әрі қарайғы жұмыс Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылдың 24 тамызында,ы Жарғысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге құқықтық саясаты Тұжырымдамасымен белгіленген даму стратегиясын жүзеге асыруға бағытталуы тиіс екендігі де мойындалды.

Бұл сұрақтар:

— соттардың және судьялардың мамандануын кеңейту;

— соттылықты субъекті анықтаудан затты анықтауға өту;

— бітімгерлікке келу шаралары және медиация жолымен дауларды шешуде балама әдістерді енгізу;

— қылмыстық жеке құрамдарын декриминализациялау;

— жаңа қылмыстық және қылмыстық-процессуалдық кодекстерді әзірлеу және қабылдау;

— сот қызметін ұйымдастырушылық және материалды-техникалық қамтамасыз етілуін әрі қарай жақсарту, судьялардың әлеуметтік кепілдігін нығайту.

Бүгінгі күнде съездің бұл қарары толық ауқымда емес, бірақ біртіндеп жүзеге асырылуда, бұған біз куәгерміз.

Атап айтқанда, съездің судьялардың әлеуметтік кепілдігін нығайту және арнайы заңның басқа да ережелері туралы қарары орындалмаған күйде қалды.

Алда Қазақстан Республикасы судьяларының VII кезектен тыс съезі. Онда мемлекет басшысымен қойылған, съездермен қабылданған және судьялар қауымдастығын толғандыратын сұрақтар шешілетін болады деген үміт бар және бұны күтуге біз құқылымыз, өйткені мемлекетте бұл үшін барлық жағдай жасалған. Ең бастысы оларды шешу қажеттілігінің мерзімі жетті.

Фото: strategy2050.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: