Лента новостей
0

Түлкібаста алма жинау науқаны басталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 27.09.2016 17:13 Zakon.kz
Бүгінгі таңда ауданда өсіріліп жатқан барлық алма ағаштарының көлемі 3115 гектарды құрап отыр.
Биылғы жыл Түлкібастық алма еккен бағбаншылар үшін қолайлы жыл болмақ. Өнімді артығымен жинаған бағбандар табысқа кенелуде. Өткен жылы 9 мың 800 тонна алма жинаған шаруалар, бүгінгі күнге дейін 12 мың 500 тонна алма теріп үлгерді. Алдағы күндері шаруалар тағы 15 мың тонна алма жинауды жоспарлап отыр. Бұл туралы zakon.kz Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Алма бауларынан молынан өнім алған «Көк тал» шаруа қожалығы мен «Кентау» ЖШС-ін айрықша айтуға болады. Өйткені шаруашылықтар бақ өсіруде алдыңғы қатарлы елдердің, оның ішінде Түркия, Польша мемлекеттерінің соңғы үлгідегі озық тәжірибелерін пайдаланып, сол елдің мамандарын шақырып, үйренді. Соның арқасында 230 га алма бауы бар «Көктал» шаруашылығы биыл 5 мың тонна алма жинауды межелеп отыр.
Осылайша, Түлкібас ауданын жеміс-жидекті аймаққа айналдыру туралы бастамаға орай ауданда көптеген жұмыстар атқарылуда. Алма егуге ниет білдірген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қосымша жер телімдері беріліп, алма баулар көлемі ұлғайтылды.

Бүгінгі таңда ауданда өсіріліп жатқан барлық алма ағаштарының көлемі 3115 гектарды құрап отыр.

Фото: ontustik.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: