Д.Ақышев: валюта нарығындағы ахуал қалыпқа келді
Zakon.kz
Ұлттық қордың валюталық активтері 64,9 млрд. долларды құрайды. Ел резервтерінің жалпы сомасы 95,5 млрд. долларға жетті (жыл басында – 91,4 млрд. доллар).
2016 жылы ішкі валюта нарығындағы ахуал қалыпқа келді – деп мәлімдеді Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев, ҚР Парламентінің Мәжілісінде жасаған «2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын таныстырудағы баяндамасында, деп жазады zakon.kz.
«Теңгенің басқа валюталарға қатысты айырбастау бағамының өзгеруі сыртқы ортаның өзгеруіне жедел ден қоюға мүмкіндік береді, бұл белгіленген бағам кезінде орын алған теңгерімсіздіктердің жинақталуын болдырмайды», – деді Ұлттық Банк басшысы.
Сонымен қатар, Д.Ақышев «Айырбастау бағамының еркін өзгеруі отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қолдауды қамтамасыз етеді және тауарлардың, сол сияқты көрсетілетін қызметтердің импорт алмасуын ынталандырады» деп атап өтті. ҚР ҰБ басшысының болжамы бойынша «бұл жағдайдың елдің төлем балансындағы ахуалды біртіндеп реттеуге мүмкіндік береді».
Д. Ақышев «теңгенің еркін бағамы саясаты елдің алтынвалюта резервтерін сақтап қана қоймай, оларды біртіндеп қалпына келтіру процесін бастауға мүмкіндік бергенін» ерекше атап өтті. Ресми деректер бойынша Ұлттық Банктің алтынвалюта резервтері тамыздың соңында 30,7 млрд. доллар болды. Жыл басынан бастап 2,8 млрд. долларға өсу байқалды. Ұлттық қордың валюталық активтері 64,9 млрд. долларды құрайды. Ел резервтерінің жалпы сомасы 95,5 млрд. долларға жетті (жыл басында – 91,4 млрд. доллар).
Фото: alau.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript