БҚО-да жыл соңына дейін ҮИИДБ аясында жаңа 7 жоба іске қосылады
Zakon.kz
БҚО-да 2016 жылдың 6 ай қорытындысы бойынша негізгі капиталға инвестициялар көлемі 158,3 млрд. тенгені құрап, 2015 жылдың сәйкесті кезенімен салыстырғанда 37,3% өсті.
Кез-келген мемлекеттің саяси және әлеуметтік қалыптасуы ел ішіндегі экономикалық жағдаймен тығыз байланысты. Осыған орай Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен Қазақстанда индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы қолға алынды. Бағдарлама Қазақстанның өнеркәсіптік саясатының бір бөлігі және өңдеуші өнеркәсіптің дамуына күш біріктіру мен нәтижелі саланы реттеуге тоғыстырылған. Бағдарлама аясында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Қазақстанның барлық облыстарында өнеркәсіп ошақтары бой көтеріп, күрделі жөндеуден өткен зауыт пен фабрикалар еңсесін тіктеді.
Әсіресе индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының қарқыны Батыс Қазақстан Облысында ерекше байқалады. Мұнда 2016 жылдың 6 ай қорытындысы бойынша 24 жоба 70% жоғары жоспарлы қуатқа шықты. Ал екінші жарты жылдықта, яғни 2015-2019 жж. сомасы 72 млрд.тенгеге тең, 11 жобаны іске қосып, 469 жұмыс орнын құру жоспарда тұр. Бұл туралы zakon.kz, Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Бүгінгі күні өңірдің кәсіпкерлігін қолдау картасы шеңберінде облыс бойынша сомасы 329,6 млрд.тенгені құрайтын, 42 жоба жүзеге асырылуда. Олардың қатарында сауда және жолаушыларды тасымалдау, құрылыс индустриясы, машина жасау, азық-түлік өнеркәсібі, мектепке дейінгі тәрбие сынды салалар бар. Бұл дегеніңіз өңір бойынша 2297 азамат тұрақты жұмыс орындарын тапты.
Егер өткен жылы ГТЭС 200 МВт. 100 МВт бірінші іске қосу кешені және сүт өнімдерін шығару цехы іске қосылса, биыл К5 экологиялық дәрежесімен мотор жаңар майын өндіру, Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданының Мичурин ауылдық округінде бөтелкедегі ауыз су өндіретін кешеннің құрылысы және етті қайта өңдеу кешені жұмысын бастады.
Ал 2016 жылдың соңына дейін сомасы 52,4 млрд.тенгеге тең, 7 жобаны іске қосу жоспарда тұр. Бұл дегеніңіз алдағы уақытта екі қолға бір күрек іздеген 293 азамат тұрақты жұмысқа тартылады.
- 2016 жылдың екінші жарты жылдығында ұсақ бетондық бұйымдарды шығару зауыты ашылады. Ал «Зенит» Орал зауыты» салмағы 600 тоннаға дейін жететін жаңа класты кемелер өндірісін игеру және ірі габаритті өнімдер шығару цехын іске қосады. Болашақта кәсіпорын су сыйымдылығы 720 тоннаға дейін «Бұлан» көпфункционалды және өзге де кеме құрылысын игеруді жоспарлауда. Оған қоса, еліміздегі ең ірі, әрі теңдесі жоқ бекіре балықтар және қара уылдырық шығару аквакешенінің құрылысы аяқталады. Кәсіпорын жылына 10 тонна уылдырық пен бекіре етін өңдеуге қауқарлы. Айта кету керек, барлық өндіріс ошақтары заманауи құрылғылармен жабдықталған, - деді БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Миржан Сатқанов.
Жалпы, 2016 жылдың 6 ай қорытындысы бойынша негізгі капиталға инвестициялар көлемі 158,3 млрд. тенгені құрап, 2015 жылдың сәйкесті кезенімен салыстырғанда 37,3% өсті.
Фото: inform.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript