Лента новостей
0

Алматыда таразыдан жеген супермаркеттер жауапқа тартылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 29.09.2016 21:52 Zakon.kz
Жалпы тексеріс нәтижесінде 1719 өлшеу құралына, нақты салмағы сәйкес келмейтін 35 өнім түріне тыйым салынып, 25 сәйкестік сертификатының күші жойылды.
Алматыда тауардың салмағын азайтып, таразыдан жеген супермаркеттер және бензинді көлемінен кеміткен 4 май құю бекеті жауапқа тартылды. Оған қоса, талапқа сай келмейтін өлшеу құралын пайдаланған 17 медициналық мекеме айыппұл арқалады, деп жазады Алматы телеарнасы.

Бұл туралы техникалық реттеу және метрология департаменті мәлімдеді. Жалпы, Алматы қаласында 72 кәсіпорын мен ұйым әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы көлемі 10 млн 600 мың теңге айыппұл салынды. Жыл басынан бері 104 шағын, орта және ірі кәсіпорын тексерілген. Оған қоса, өнімнің сәйкестігін өлшейтін құралдары талапқа сай келмеген «Қазпромэлектроника» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және «Қазақстан метрология институты» филиалының аккредиттік аттестаты 6 айға тоқтатылып, он сегізі жауапқа тартылды.

Жалпы тексеріс нәтижесінде 1719 өлшеу құралына, нақты салмағы сәйкес келмейтін 35 өнім түріне тыйым салынып, 25 сәйкестік сертификатының күші жойылды. Яғни, айыппұл арқалаған сауда орындарында макарон, қант, тазалық заттары, күнбағыс майы, күріш және сүт өнімдері көрсетілген салмаққа сәйкес келмейді. Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департамент басшысы Гүлназ Халықованың айтуынша, аты аталған кәсіпорындар заңды талапты жыл сайын сақтамағаны үшін жауапкершілікке тартылады екен. Бұл тек қана жоспарлы тексерудің нәтижесі.

«Өкінішке орай, аталған кәсіпорындар өткен жылдары да әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Алайда, сабақ алудың орнына заңды талапты сақтамай келеді. Мысалы, 4 жанармай құю бекетіне жыл сайын айыппұл салынады. Медициналық мекемелер де өлшеу құрылғыларын уақытында тексеруден өткізбейді. 8 айда 1719 өлшеу құралын қолдануға тыйым салдық», - деді техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысы Гүлназ Халықова.

Фото: otyrar.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: