Отырарда қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді
Zakon.kz
Мерейлі мереке қарсаңында өткізіліп отырған шарада қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға құрмет көрсетіліп, Шымкент қаласына шығарып салды.
Отырар ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында 1 қазан – Қарттар мен мүгедектер күніне орай экскурсия жұмыстары басталды. Бұл туралы zakon.kz Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Мерейлі мереке қарсаңында өткізіліп отырған шарада қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға құрмет көрсетіліп, Шымкент қаласына шығарып салды. Мерекелік көңіл күй сыйлаған шараға қатысқан аудан әкімі Ерлан Айтаханов ардагерлерді құттықтап, бүгінгі мерекенің бұрынғыдан өзгеше мереке екендігін, себебі, биыл біз ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығының аясында аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіріп отырмыз деді. Сондай-ақ, аудан басшысы өз сөзінде «Қарттарға қамқорлық – біздің халқымыздың санасына терең сіңген қасиет екенін айтты. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында Қазақстанда ардагерлерге қамқорлық жасауда ауқымды шаралар іске асырылуда. Мемлекет басшысының бастамасымен жүргізіліп жатқан реформалар да халықтың әл – ауқаты мен әлеуметтік жағдайын көтеруге бағытталып отыр. Осының бірі – бүгінгі өткізілген іс-шара»,- деп атап өтті.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен жүргізілетін экскурсияда қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандар Шымкент қаласындағы көрікті жерлер мен Сайрам ауданындағы «Ибрагим ата», «Абдул Азиз» баб, «Қарашаш ана», «Мірәлі баб» кесенелері мен т.б. тарихи орындарды аралайды.
Фото: ontustik.gov.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript