Лента новостей
0

Павлодар облысында алты айда 74 ата-ана екпеден бас тартқан

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 30.09.2016 15:24 Zakon.kz
2015 жылдың қазан айынан 2016 жылдың сәуіріне дейін тұмаумен ауырған 34 мың адам тіркелді.
Павлодар облысында алты айда 74 ата-ана прфилактикалық екпеден бас тартты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының кездесуінде айтылған.

- Өткен эпидемиологиялық маусымда тұмаумен ауырған адамдар саны көп болды. 2015 жылдың қазан айынан 2016 жылдың сәуіріне дейін тұмаумен ауырған 34 мың адам тіркелді. Сол уақытта 2009 жылы шыққан, халық арасында «шошқа» тұмауы деп аталып кеткен H1N1 тұмауы жиі кездесті. Осы жылы да аталмыш тұмау түрі белсенділік танытуы мүмкін. Әсіресе, жүкті әйелдер мен қарт адамдар арасында кең таралуы ықтимал. Негізі облыс тұрғындарының 10 пайызы екпеден өткен болса, ауруды жұқтырып алу қауіпі бәсендейді. Ал, 2015-2016 жылдары облыс тұрғындарының жеті пайызы ғана екпе алған, - деді тұтынушылардың құқығын қорғау өңірлік департамент басшысының орынбасары Ирина Сорокина.

Салыстыра кетсек, Ресей тұрғындарының қырық пайызы, Скандинавия түбіндегі мемлекеттерде тұрғындардың 70-80 пайызы екпеден өтеді. Айта кетерлігі, 2016 жылы 40 мың вакцина сатып алынды. Бұл облыс тұрғындарының бес пайызына ғана жетеді. Дәрігерлердің айтуынша, әлі де вакцина сатып алу үшін қосымша қаражат қажет. Сондықтан тұмаумен жиі ауыратындар, мектеп оқушылары мен қарт адамдарды тегін екпеден өткізу үшін депутаттарға тиісті құжаттар ұсынылды.

Фариза Қазыбекқызы

Фото: salavatmed.ru
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: