Астанада Оңтүстіктің күндері «Ән - шашуым өзіңе, мерейлі Астанам!» Гала-концертімен аяқталды
Zakon.kz
Сүгірдің «Ыңғайтөк» күйімен бастау алған мерейтойлық концертте 300-ге жуық оңтүстікқказақстандық өнер майталмандары астаналықтарға өлкеміздің өнерін ұсынды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын өткізу аясында «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» Оңтүстік Қазақстан облысының Астанадағы екінші күні «Нұрын шашқан - Оңтүстік» фотокөрмесі мен жалғасын тауып, «Ән - шашуым өзіңе, мерейлі Астанам!» Оңтүстік Қазақстан облысы өнер шеберлерінің Гала-концертімен қорытындыланды. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Елордадағы Конгресс холда ұйымдастырылған шараға өңір басшысы Жансейіт Түймебаев қатысып, Астана қаласының қонақтары мен жұртшылығының назарына ұсынылған жылжымалы фотокөрмені тамашалады.
Аталған көрмеге Тәуелсіздік жылдарында Елбасымыздың Оңтүстік Қазақстан облысына келуіндегі маңызды іс-сапарлары мен өркендеген оңтүстік тынысынан көрініс тапқан қаламыздың көркем жерлері бейнеленген 50-ден астам фото суреттер қойылған.
Сонымен қатар, облыс әкімі «Ән - шашуым өзіңе, мерейлі Астанам!» атты өнер шеберлерінің Гала-концертіне қатысты.
Сүгірдің «Ыңғайтөк» күйімен бастау алған мерейтойлық концертте 300-ге жуық оңтүстікқказақстандық өнер майталмандары астаналықтарға өлкеміздің өнерін ұсынды. Елорда төрінде «құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күйі» орындалып, мың бұралған бишілеріміз өз өнерлерімен қонақтарды тәнті етті.
Фото: ontustik.gov.kz

Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript