Лента новостей
0

Алматыда әсем аллея талқандалды

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 17.10.2016 16:13 Фото: zakon.kz
Жергілікті тұрғындардың бірі 3 адамның орындықтарды жұлып, суға тастағанына куә болған. Әйтсе де, бұзақыларды тоқтатуға жүрексінген.
Көше бұзақылары кішігірім саябақтағы қоғамдық мүлікті сындыруды, сынықтарын өзенге лақтыруды әбестік санамайды. Бұл жайттан полиция хабардар, десе де, жергілікті тұрғындардың көмегінсіз тәртіп бұзғандарды ұстау қиынға соғатынын мойындайды, деп жазады Алматы телеарнасы.

Жетісу ауданындағы мердігер ұйымының қызметкерлері апта сайын осындай тазалық жұмыстарын жүргізеді. Сұлтан-Қарасу өзені аңғарынан бөтелкелерден бөлек, қоқыс жәшіктерінің қақпақтары, орындық сынықтары да табылып жатыр. Өзен бойындағы бұл аллея осыдан екі жыл бұрын ғана салынған. Ал, қазіргі ахуалы аса мүшкіл. Орындықтардың сүйеуіштері жұлынған, күші тасығандар кейбіреуін тіпті, түбімен қопарып, төңкеріп тастаған.

Жергілікті тұрғындардың бірі 3 адамның орындықтарды жұлып, суға тастағанына куә болған. Әйтсе де, бұзақыларды тоқтатуға жүрексінген.

«Таңертең тұрып, забордың жанына келсем, бірдеңе тарсылдап жатыр. Сөйтсем, үш адам былай қарай, екеуі теуіп, біреуі аударып жатыр, тағы біреуі суға тастады. Айғайладым, не істеп жатырсындар деп, сонымен кетті жоқ болып»», - деді Жотабай Әбдуәлиев.

Мекен тұрғындары «Түнде бұл жерде отырып демалатындар өз артынан қоқыс тастап, жәшіктерді майыстырып кетеді», - дейді.

Әкімдіктегілер әр апта сайын тазалық жұмыстарын жүргізетіндіктерін жеткізді. Ал, сынған орындықтар мен майысқан қоқыс жәшіктері мердігерлер қайта орнатады деп сендірді.


«Жетісу ауданы аймағында жетісіне екі рет, ол таза бейсенбі және сенбі күндері біз мердігер ұйымдардың күштерімен аудан аумағында санитарлық тазалық және көріктендіру жұмыстарын жүргіземіз. Көбінесе арықтың түбі, өзендердің жан-жақтарында, Көкжиекте жүргізіледі. Орындықтар, қоқыс-жәшіктер мәселесіне келсек, біз аптасына бір рет қайта қалпына келтіріп тұрамыз», - деді Алматы қаласы Жетісу ауданы көріктендіру бөлімінің басшысы Дархан Мырзақұлов.

Айта кетейік, мердігерлер тек орындықтар мен қоқыс жәшіктерін қалпына келтіріп қана қоймай, ара-тұра ағаш та отырғызуға уәде берген. Дат сәулетшісі Ян Гейл жобалаған Жетісу ауданындағы жаңа аллеялардың бірінен үстіміздегі жылдың көктемінде бұзақылар 10 түп ағашты қазып алып кеткен болатын. Жергілікті билік ол ағаштар орнына жаңа 20 түп отырғызылғанын мәлімдеді.

Сая Меңдеке, Рашиддин Якупов

Фото: Reporter.com

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: