Солтүстік Қазақстанда көне көліктер жинайтын қария тұрады
Zakon.kz
Көне сағаттар, ескі үтіктер мен өткен ғасырға тиесілі басқа да бұйымдарды қарт коллекционердің гаражынан көруге болады.
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының тұрғыны Анатолий Габченконың өзгеден айырмасы – ол өмір бойы көненің көзіндей байырғы заттарды жинаумен айналысып келеді. Оның жеке қорында қазір он шақты ескі көлік , жүздеген көне монеталар мен өткен ғасырдағы тұрмыстық құрал-жабдықтар бар. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газеті жазады.
Анатолий Габченконың ауласына жақындаған адамды алдымен көздің жауын алатын көне көліктер өзіне еріксіз баурап алады. Мұндағы техникалардың барлығы өткен ғасырдың 1950 жылдарынан бастап 1970 жылдарына дейін шығарылған. Арасында тіпті 1944 жылы құрастырылған «Москвич» те бар. Әзірге бұл осы көліктердің ішіндегі ең ескісі. Ал сар түсті көліктің қай жылғы екені белгісіз. Тек бір белгілісі, мұны Анатолий Габченко 1974 жылы Щучинск қаласынан сатып алған екен.
Сол кездің өзінде бұл көлік істен шығып, жүруге жарамсыз болып қалған. Алайда көнеге құмар қария оны қалыпқа келтіріп, жуып-шайып, тазалап қойған. Қазір бұл көлік, жұрттың қызыға тамашалайтын ең бір ескі көлігі. Бұл көліктер қарт коллекционердің соңғы 15 жылда жинағандары. Қария оларды тек жинап қана қоймай, өзі жөндеп, жүргізуге тырысады екен. Мәселен осындағы жеңіл автокөліктер мен мотоциклдердің қазір жартысына жуығы жүріп тұр.
«Осы жылдар ішінде 6 машина мен екі мотоциклді жөндеп, жүргізіп қойдым. Ендігі арманым, соғыс кезінде мінілген ГАЗ-678 көлігін қалыпқа келтіру. Оның біраз бөлшегі өзімде бар болатын. Жақында қаңқасын Степняк қаласынан арнайы алып келдім. Жұрттар маған ескіні қайтесің, таста дейді. Мен олай ете алмаймын. Өйткені бұлар – менің өмірім», – дейді зейнеткер Анатолий Габченко.
Көне сағаттар, ескі үтіктер мен өткен ғасырға тиесілі басқа да бұйымдарды қарт коллекционердің гаражынан көруге болады. Арасында тіпті 1872 жылғы самаурын да бар екен. Ал ауыл балалары үшін мұның барлығы қызық.
Данил Вержбицский, оқушы: – Мен мұндай көліктерді бұрын тек теледидардан көретінмін. Ал, мына жерде көріп, қатты таңғалдым. Құдды бір мұражайға тап болғандаймын.
«Жергілікті мектеп ұжымы бұл кісіні түрлі шараларға қатыстырады. Ондағы мақсат – осының барлығын балаларға көрсету. Бұл кісінің бір өзі бір музей. Жыл сайын 9 мамырда Анатолий Габченконың көмегімен көне көліктердің шағын автошеруін ұйымдастырып тұрамыз. Қарт коллекционер енді осы бір ашық аспан астындағы көрмесін кәнігі музей ретінде көргісі келеді. Сол үшін де ол қазір барлық бұйымдарды қалыпқа келтіріп жатыр», – дейді Келлеровка ауылының әкімі Ержан Жұмабаев.
Қарт коллекционер енді осы бір ашық аспан астындағы көрмесін кәнігі музей ретінде көргісі келеді. Сол үшін де ол қазір барлық бұйымдарды қалыпқа келтіріп жатыр.
Фото: egemen.kz

Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript