Лента новостей
0

Алматыда алимент борышкерлері қамауға алынып жатыр

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 17.10.2016 18:03 Zakon.kz
Айта кетейік, жыл басынан бері жүзге жуық борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Алматыда алимент борышкерлері қамауға алынып жатыр. Қалалық прокуратура жауапсыз әкелерді іздестіріп, сот шешімін пысқырмағандарға қарсы арнайы шара ұйымдастырды. Нәтижесінде, бір апта ішінде жиырмадан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп жазады Алматы телеарнасы.

32 адам жалпы сомасы 8 миллион теңгеден астам қарыздарын өтеп үлгерген. Прокуратура қызметкерлері жұмыссыз борышкерлерді жұмысқа орналастыру мәселесін де қолға алды. Комиссия құрамында жұмыспен қамту орталығының мамандары да қызмет атқарады. Құзырлылар баласын жеткізе алмай жүрген аналарға көрсеткен көмегіміз,- дейді.

Айта кетейік, жыл басынан бері жүзге жуық борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

"Алдымыздағы апта ішінде прокуратура күштерімен 20 адамнан астам борышкерлер қамауға алынды. Қатаң шара қолданылып жатыр қазір. Сонымен қатар, түсіндіру нәтижесінде 3 миллионнан астам сумма төленген. Жалпы, біз кәмелет жасқа толмағандардың және аналардың конституциялық құқықтарын қорғап жатырмыз. Борышкерлерді қатаң ескертеміз. Нәпақаларыңызды уақытылы төлеңіздер! Қарсы түрде ҚР ҚК 430 бабына сай қылмыстық жауапқа тартыласыздар",- деді Алматы қаласы Медеу аудандық прокуратурасының бөлім басшысы, Ізбасар Масақбаев.

Фото: qostanay.tv
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: