Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі 1 аптада 33 пайызға төмендеді
Zakon.kz
Дизель отыны 1 апта ішінде 1,1 пайызға артып, еліміздің облыстарындағы орташа бағасы 128,2 теңгені құраған.
Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі 1 аптада 33 пайызға төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстанның жетекші үш мұнай өңдеу зауытындағы мұнай өңдеу көлемі 1 апта ішінде 33 пайызға, тәулігіне 222,1 мың баррельге дейін құлдырады. Мұнай өңдеу көлемінің күрт қысқаруы Шымкенттегі Петро Қазақстан Ойл Продактс зауытының жоспарлы-мәжбүрлі жөндеу жұмыстарына тоқтатылуымен байланысты», - делінген «Мұнай және газ ақпараттық-сараптамалық орталығы» АҚ таратқан ақпаратта.
Сонымен қатар аталған орталық мәліметтеріне сәйкес, өткен апта қорытындысында мұнай өнімдерінің негізгі түрлерінің бағасы да біршама көтерілген. Мәселен, дизель отыны 1 апта ішінде 1,1 пайызға артып, еліміздің облыстарындағы орташа бағасы 128,2 теңгені құраған.
«Бұл ретте ең жоғары баға Ресеймен шектесетін Павлодар облысында литріне 136,1 теңге, Шығыс Қазақстан облысында 133,9 теңге, Солтүстік Қазақстан облысында 132,4 теңге, Батыс Қазақстан облысында 132,4 теңге және Астана қаласында 132,2 теңге көлемінде белгіленген. Мұндай жайт Ресейдегі дизель отынының орташа бағасының литріне 190 теңге болуына байланысты орын алуда. Бұл транзиттік көлік құралдарының тек Қазақстан аумағында жанармай құюы үшін экономикалық алғышарт жасауда. Ал жергілікті жанармай құю бекеттері жергілікті тұтынушылар тапшылық көрмеуі үшін бағаны көтеруде», - делінген орталық мәліметтерінде.
Автор: Марлан Жиембай
Фото: inform.kz
«Қазақстанның жетекші үш мұнай өңдеу зауытындағы мұнай өңдеу көлемі 1 апта ішінде 33 пайызға, тәулігіне 222,1 мың баррельге дейін құлдырады. Мұнай өңдеу көлемінің күрт қысқаруы Шымкенттегі Петро Қазақстан Ойл Продактс зауытының жоспарлы-мәжбүрлі жөндеу жұмыстарына тоқтатылуымен байланысты», - делінген «Мұнай және газ ақпараттық-сараптамалық орталығы» АҚ таратқан ақпаратта.
Сонымен қатар аталған орталық мәліметтеріне сәйкес, өткен апта қорытындысында мұнай өнімдерінің негізгі түрлерінің бағасы да біршама көтерілген. Мәселен, дизель отыны 1 апта ішінде 1,1 пайызға артып, еліміздің облыстарындағы орташа бағасы 128,2 теңгені құраған.
Автор: Марлан Жиембай
Фото: inform.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript