Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық тойын шалғайдағы ағайындар да сезінуде
Zakon.kz
Жобалар аясында облыстық 8 кәсіби театр, филармония, «Оңтүстік-Цирк», «Оңтүстікфильм» мекемелері мен облыстық кітапханалар өңіріміздің түкпір-түкпірін аралауда.
Оңтүстік Қазақстан облысында Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «Өнерім саған – ауылым» 25 гастрольдік сапары мен «Кітапханалық керуен – 25 ауылға» жобасының басталғаны белгілі. Бұл туралы zakon.kz, Оңтүстік Қазақстан облысының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Аталған жобалар аясында облыстық 8 кәсіби театр, филармония, «Оңтүстік-Цирк», «Оңтүстікфильм» мекемелері мен облыстық кітапханалар өңіріміздің түкпір-түкпірін аралауда.
Бүгінге дейін «Өнерім саған - ауылым» гастрольдік сапарымен облыстық әзіл-сықақ және сатира театрының өнер майталмандары Түлкібас ауданының Машат ауылына, облыстық қуыршақ театры Сайрам ауданының Ынтымақ ауылына, Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры Сарыағаш ауданының Тегісшіл, Таскескен, Жартытөбе, Төңкеріс, Қапланбек ауылдарына, Түркістан қаласының сазды-драма театры Кентау қаласына гастрольдік сапарларын ұйымдастырып үлгерсе, «Кітапханалық керуен – 25 ауылға» автокеруені Сайрам ауданының Қарабұлақ ауылындағы кездесумен жалғады.
Осылайша, әр мәдениет және өнер мекемесі облыстың барлық аудандарындағы 25 ауылға тоқтап, әр аялдамада спектакльдер мен концерттік, цирктік бағдарламалар, кездесу кештерін өткізуде. Ағымдағы жылдың желтоқсан айына дейін жалғасын табатын жобалар Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында қорытындыланады.
Фото: ontustik.gov.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript