Лента новостей
0

Кентаулық жастар шырайлы Шымкенттің көрікті жерлеріне саяхаттады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 03.10.2016 19:57 Zakon.kz
Саяхаттың мақсаты - Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін шектеусіз аймаққа айналуы тиіс» деп көрсеткендей мүмкіндігі шектеулі жастарды Шымкент қаласымен таныстыру.
Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен, қалалық мәслихат депутаты Талғат Балабиевтың қолдауымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыстық арнаулы кәсіптік колледжінің мүмкіндігі шектеулі жастарының «Шырайлы-Шымқала» атты Шымкент қаласына саяхаты ұйымдастырылды. Бұл туралы zakon.kz Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Саяхаттың мақсаты - Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін шектеусіз аймаққа айналуы тиіс» деп көрсеткендей мүмкіндігі шектеулі жастарды Шымкент қаласымен, оның тарихы және мәдениетімен, демалыс орындарымен таныстыру.

Қаланың көрікті мекендерінің бірі - орталық саябақтар. Үш саябақ 19-ғасырда салынған. Бір саябақ Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония аясында орналасқан. Сондай-ақ, Абай атындағы демалыс және мәдениет саябағы, «Кең-баба» этнография саябағы, Дендро саябақ, зообақ, ипподром, «MegaCenter» ойын-сауық және сауда кешені, «Nimex Land», «Бамзик» ойын-сауық орталықтары қала тұрғындары мен қонақтарының жайлы демалысы үшін үздіксіз қызмет көрсетеді.

Өнерсүйер қауым үшін Орыс Драма театрының есігі ашық. Театр сахналарында қазақ және шетел классиктерінің шығармаларының желісімен қойылған спектакльдер көрсетіледі.

2011 жылы Шымкент қаласында 353 өндірістік кәсіпорын тіркелген. Оның ішінде 74 ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорын, 243 шағын кәсіпорын, 36 қосалқы кәсіпорын. Қалада көлік жасау, химия, кен өндіру, тағам т.б. өнеркәсіп орындары қарқынды даму үстінде.

Саяхат барысында жастар Шымкент қаласының көрікті жерлерімен, әсем ғимараттар мен жаңа іскерлік орталығы, саябақтармен танысып, шара соңында Шымкент зообағындағы жануарлар дүниесін қызықтап, жастар керемет күйге бөленді.

Ең бастысы – жастар саяхаттан өмірлік таным көкжиектерін кеңейтті, елімізге деген мақтаныш сезімдері артып, жаңа көзқарас қалыптастыра бастады, көңілдеріне қуаныш ұялап тарихи тағылымдарымызды жастар мәңгі жадында сақтап жүретін болды.

Фото: ontustik.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: