Лента новостей
0

Облыс әкімі Шымкенттегі құрылыс нысандарын аралады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 11.10.2016 21:51 Zakon.kz
Шымкент қаласын аралау барысында аймақ басшысы жаңадан ашылған Жайлаукөл демалыс аймағында болды. Мұнда ТМД елдерінде биіктігі жағынан үшінші орынды алатын, ал Орта Азия бойынша ең биік аттракцион орналасқан.
Бүгін қала активімен танысқан өңір басшысы Жансейіт Түймебаев Шымкенттегі құрылысы жүргізіліп жатқан бірқатар нысандарды аралап көрді. Ең алдымен, облыс әкімі Тəуке хан даңғылының күрделі жөндеу жұмыстары мен Қапал батыр көшесіндегі көпірдің құрылысымен танысты. Бұл туралы zakon.kz Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетейік, осыдан бір ай бұрын көпірдің бір жағы пайдалануға берілген болатын. 1 млрд. 142 млн. теңгеге бағаланған теміржол өткелінің бір бөлігіндегі құрылыс жұмыстары 95 пайызға аяқталған.

Сонымен қатар, облыс әкімі қаладағы салынып жатқан əлеуметтік тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын аралап көріп, "Shymkent-City" жобасымен танысты. Жұмыстардың сапалы болуы қажеттігіне айрықша көңіл бөлген аймақ басшысы нысандардың сырт келбетіндегі сәніне де назар аудару керектігіне тоқталды.

Шымкент қаласын аралау барысында аймақ басшысы жаңадан ашылған Жайлаукөл демалыс аймағында болды. Мұнда ТМД елдерінде биіктігі жағынан үшінші орынды алатын, ал Орта Азия бойынша ең биік аттракцион орналасқан.

Қаладағы барлық демалыс аймағын күтіп ұстау «Жасыл қала» МКК құзырына берілген. Ол үшін бюджеттен 149 миллион теңге қаражат бөлініпті биылға. Жыл сайын Шымкентегі көлеңкелі саяжолдар мен демалыс орындарының саны бүгінде 30-ға жеткен. Алай да тек орыны қалған шағын бақтар да бар. Естеріңізде болса, Әл- Фараби алаңындағы жасыл желектен қазірде қазылған ор ғана қалды. Драма театрдың артындағы демалыс орынында зәулім ғимарат бой көтеріп келеді. Ал Шымкент қонақ үйінің жаны темір тормен қоршалып, қараусыз жатыр.

Фото: ontustik.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: