Ақмола облысында есепте тұрған маскүнемдердің саны 8,5 мыңнан асты
Zakon.kz
Қоғамдық жерлерде ішімдік ішкен 8 мыңнан астам адам ҚР ӘҚбК-нің 440 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 200-ден астамы жасөспірімдер.
Ақмола облысында 8 500-нан астам маскүнем есепте тұр. Оның ішінде 930 адамды жыл басынан бері учаскелік полиция инспекторлары есепке алып отыр. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.
Еске сала кетейік, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бастамасымен республика аумағында 17-26 қазан аралығында «Алкогольге жол жоқ!» ұранымен ішімдіктен бас тарту бойынша ұлттық күніне орай онкүндік өтуде.
Осы орайда, маскүнемдікпен ақмолалық полицейлер де белсенді күресуде. Мәселен, ағымдағы жылдың 1қыркүйегінде Ақмола облысы аумағында бастау алған республикалық «Участок» арнайы операциясы аясында полицейлер есепте тұрған 8 500 астам маскүнемді мекенжайы бойынша үйлеріне барып, тексеруді бастады. Осы күні 3000 адам тексерілген. Оған қоса, биыл 402 тұлға Ерейментау ауданының Сілеті ауылындағы облыстық наркологиялық ауруханасына емдеуге жатқызылды. Қазіргі кезде Ақмола облысы аумағында 2 уақытша бейімдеу (айықтырғыш) жұмыс істейді. Жыл басынан бері оған 5 000 адам жатқызылды
Қоғамдық жерлерде ішімдік ішкен 8 мыңнан астам адам ҚР ӘҚбК-нің 440 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 200-ден астамы жасөспірімдер.
Сонымен қатар, мас күйінде көлік тізгіндеген 2 800 адам ҚР ӘҚбК 608 бабы бойынша әкімшілік жауапкершлікке тартылып, олардың барлығы үш жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айрылды.
«Мас күйде жасалатын қылмысты алдын алу - учаскелік инспектордың басты міндеті. Ол үшін біз есепте тұрған маскүнемдерді тексеріп, әр қайсысымен жеке-жеке жұмыс істейміз. Бұл тұрмыстық қылмысты алдын алып, азайтуға мүмкіндік береді. Жыл басынан бері 144 сауда орнының сатушылары түнгі уақытта ішімдік сатқаны үшін тиісті бап бойынша әкімшілік жуапкершілікке тартылды», - дейді облыстық ІІД жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Руслан Мұсаев.
Фото: Gubdaily.Ru
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript