Лента новостей
0

ОҚО әкімі діни конфессиялардың өкілдерімен кездесті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 18.10.2016 21:39 Zakon.kz
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңірдегі діни конфессиялардың басшыларымен кездесті.
Жиынға ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы, облыстық мешіттің бас имамы А.Керімбек, «Шымкент епархиясының Шымкент қаласындағы Свято-Никольский кафедралдық соборының приходы» жергілікті православ діни бірлестігінің діни қызметшісі А.Могилевский (отец Александр), «Шымкент қаласының інжілдік мəсіхші баптистердің қауымы» жергілікті діни бірлестігінің жетекшісі А.Горбатый, «Агапе» інжілдік христиан шіркеуі» жергілікті діни бірлестігінің жетекшісі А.Шаталов және өзге де дін өкілдері қатысты. Бұл туралы zakon.kz Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

18 қазан – рухани келісім күніне орай ұйымдастырылған басқосуда өңір басшысы діни конфессия өкілдерін мерекемен құттықтап, Тәуелсіздігіміздің 25 жылында еліміздің жеткен жетістіктерін атап өтті.

«Елбасы өз сөзінде «Достық жоқ жерде араздыққа мүмкіндік мол болмақ. Сондықтан ізгілік, рақым, имандылық секілді мәңгілік ұғымдарды санаға дарыту арқылы адамдарды тазарту қажет. Адам түзелмей заман түзелмек емес. Бүлінген заманды түзеу адамның өз міндеті» - деген. Сондықтан біздің бүгінгі басқосуымыз халықтар достығына, ұлтаралық, дінаралық татулықтың нығая түсуіне өз ықпалын тигізеді деп сенемін»,-деді аймақ басшысы.

Жиында сөз алған конфессия өкілдері Қазақ шаңырағындағы наным-сенім еркіндігінің айқындығына разылығын білдіріп, өздері басшылық ететін бірлестіктердің бүгінгі мамыражай жағдайын баяндады.
Кездесу соңында облыс әкімі конфессия басшыларына осы жылдың 15 қазан күні «Рухани келісім күнін» мерекелеу аясында облыстағы діни конфессия өкілдері арасында шағын футболдан өткізілген турнирдің қорытындысы бойынша облыс әкімінің кубогы, дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.

Айта кетейік, бүгінгі таңда облыста 11 конфессияға кіретін 60 діни бірлестік жұмыс істейді.

Фото: ontustik.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: