Лента новостей
0

Жүктілікке қауіп төндіретін генетикалық аурулар саны көбейген

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 19.10.2016 16:31 Zakon.kz
Мамандар сөзінше бір ғана Алматының өзінде жыл сайын 300 әйел түсік тастайды.
Соңғы 3 жылда жүктілікке қауіп төндіретін генетикалық аурулар саны күрт өсіп, екі есе көбейді. Бұл туралы адам ұрпағын өрбіту орталығының мамандары мәлімдеп отыр. Медицина мамандары мұны адам өміріндегі күнделікті тұрмыспен байланыстырып отыр. Мәселен, гаджет пен ұялы телефондарды көп қолдану, компьютерде ұзақ отыру, әсіресе алғашқы үш айда түсікке әкеп соғуы ықтимал, деп жазады Алматы телеарнасы.

"2015 жылы денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрығымен біріңғай тексеру орталығы құрылған болатын. Барлық мамандардың айтуы бойынша генетикалық аурулар 10-14 апта өткеннен кейін белгілі бола бастайды. Біз 2015 жылы мұндай орталық ашып жұмыс жасай бастадық. Шын мәнінде жүкті әйелдерде генетикалық аурулар мен түсік тастау саны көбейіп кетті",- деді Алматы қаласы қалалық адам ұрпағын өрбіту орталығының бас дәрігері, Динара Мырзахметова.
Мамандар сөзінше бір ғана Алматының өзінде жыл сайын 300 әйел түсік тастайды. Одан бөлек дәрігерлер нұсқауымен қатар диагнозын білген соң туудан бас тартатын аналар да бар.

Фото: www.almaty.tv

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: