Лента новостей
0

Республикалық тас жолдарды бақылау күшейтілді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 19.10.2016 18:38 Zakon.kz
Күннің күрт суытуына байланысты республиканың негізгі тас жолдарында бақылау күшейтіліп, алдын алу жұмыстары басталып кеткен.
Кеше ауарайының күрт бұзылуына байланысты көлік қозғалысы шектелген «Алматы-Ташкент» тас жолының Жамбыл облысындағы бөлігінде бүгін таңертеңнен бастап, қалыпты жағдайға түсті. Бұл туралы Baq.kz, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Руслан Иманқұловтың хабарлауынша, ауа райының күрт суытуына және жолдағы көріністің нашарлауына байланысты ҚР Төтенше жағдайларкомитеті дайындық шараларын күшейтті. Қазірдің өзінде әртүрлі төтенше жағдайлардың алдын алу үшін, республика бойынша барлығы 32 мың адамнан құрылған арнайы топ жасақталды. Олардың қатарында өрт сөндірушілер, жедел құтқарушылар, аэромобилді құтқару жасағы мен дәрігерлер бар. Құтқару және көмек көрсету жасағы арнайы техникалармен қамтамасыз етілген.

«Жыл басынан бері республика бойынша 330 мыңнан астам адам құтқарылып оның 34 мыңы арнайы медициналық көмекке жүгінген. Жалпы, соңғы 9 ай ішінде Төтенше жағдайлар қызметі 1 млн. рет құтқару шараларына шыққан»,- дейді арнайы өкіл.

Ал «Қазахавтодор» РМК арнайы өкілі Олжас Баймұхановтың хабарлауынша, қазіргі таңда Республиканың барлық өңірлерінде жолдар ашық және қалыпты жағдайда жұмыс істеуде.

Күннің күрт суытуына байланысты республиканың негізгі тас жолдарында бақылау күшейтіліп, алдын алу жұмыстары басталып кеткен.

Фото: kazavtodor.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: