Лента новостей
0

Алматыда 4-сынып оқушысы өз анасынан жәбір көрді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 19.10.2016 21:22 Zakon.kz
Хабарлама келіп түскеннен кейін оқиға орнына дереу жеткен тәртіп сақшылары қамаудағы қызды босатқан, бірақ дәл сол уақытта анасы үйінде болмаған.
Алматы мектептерінің бірінде оқитын 4-сынып оқушысы өз анасынан жәбір көрді. 27 жастағы әйел ұзақ уақыт бойы өз қызына күн көрсетпей, соққыға жығуды әдетке айналдырып алған. Бұл оқиғаны құқық орғау органдарына қатігез әйелдің көршісі хабарлады, деп жазады Алматы телеарнасы.

Хабарлама келіп түскеннен кейін оқиға орнына дереу жеткен тәртіп сақшылары қамаудағы қызды босатқан, бірақ дәл сол уақытта анасы үйінде болмаған. Жедел жәрдем қызметкерлері 9 жасар қызға қажетті медициналық көмек көрсеткен.

«Анықталғаны, бала пәтерде ата-анасының қарауынсыз болған. Медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем қызметкерлері 9 жасар қызды қарап шықты. Тексеру барысында денесіндегі түрлі жарақаттарды анықтады. Нәтижесінде №1-ші қалалық клиникалық ауруханаға жеткізді. Дәрігерлер қыздың бойынан зорлық-зомбылық белгілерін, жабық бас-ми жарақатын, ми шайқалуын және денесінің көгергендігін анықтады», - деді Алматы қаласы алмалы аудандық прокуратурасының аға прокуроры Азат Рамазанов.

Қазір қатыгез ана ұсталып, тергеу алды абақтысына жабылды. Бұл оқиға бойынша тергеу амалдары да басталып кетті. Айта кетейік, 9 жасар қыздың анасы бұған дейін де кәмелет жасқа толмағандардың ісімен айналысатын құзырлы орынның назарына бірнеше ай бұрын түскен.

Фото: www.almaty.tv

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: