ОҚО-да жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге атсалысып жүрген қызметкерлер марапатталды
Zakon.kz
Басқосуда С.Сүлейменов аймақ басшысына мерейтойлық медаль табыстады.
Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен ОҚО әкімдігінде жастар мен өзінің әскери борышын өтеп жатқан жауынгерлерді эскери-патриоттық тәрбиелеуге атсалысып жүрген мемлекеттік қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті. Бұл туралы zakon.kz ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Жиынға ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы Қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік құқығы жөніндегі орынбасары Сабыржан Сүлейменов пен 6506 әскери бөлімінің командирі Жамбыл Қульбаев және аталған саланың өзге де қызметкерлері қатысты.
Басқосуда С.Сүлейменов аймақ басшысына мерейтойлық медаль табыстады. Өз кезегінде, жасалған жоғары құрмет үшін өңір басшысы қонақтарға алғысын білдіріп, Тәуелсіз елдің ең басты қажеттіліктерінің бірі – оның қауіпсіздігі екенін, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу баршаның міндеті екенін жеткізді.
Сондай-ақ, ел шебін қорғаушылармен болған кездесуде І дәрежелі «Ұлттық ұлан» төсбелгісімен ОҚО әкімі аппаратының жұмылдыру және құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі бас инспекторы Мейіркүл Батырбекова марапатталса, ІІ дәрежелі «Ұлттық ұлан» төсбелгісі ОҚО ішкі саясат басқармасының басшысы Болат Төлегенге табысталды.
Фото: ontustik.gov.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript