Лента новостей
0

Б.Майлыбаев «оралман» сөзін «ағайын» деп ауыстыруға кеңес берді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 20.10.2016 23:30 Zakon.kz
Бауырларымызды оралман деп айтып жүрміз.
Астанада өтіп жатқан саясаттанушылар мен әлеуметтанушылардың xалықаралық форумында ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев «оралман» сөзін «ағайын» деп ауыстыруға кеңес берді, деп хабарлайды BNews.kz.

«Тәуелсіздік алған 25 жылдың ішінде сырттан қаншама қандасымыз келді. Ол бауырларымызды оралман деп айтып жүрміз. Меніңше, оралман дегеннен гөрі ағайын деп айтқанымыз дұрыс болады. Сондықтан, осындай ұсыныс жасағым келіп отыр», - дейді Бағлан Майлыбаев.

Айта кетейік, форум жұмысына Қазақстанның белгілі саясаттанушылары мен әлеуметтанушылары, Германия, Италия, Қытай, Ресейден келген ғалымдар мен сарапшылар қатысып отыр.

Фото: www.inform.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: