Лента новостей
0

Алматы облысындағы Талхиз тарихи қалашығына қатысты дау әлі жалғасуда

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 21.10.2016 17:53 Zakon.kz
Талхиз - орта ғасырдағы 33 қалашықтан тұратын Ұлы Жібек жолының бөлігі. Ол Қазақстан, Қырғызстан және Қытайда бір мақсатта, бір мезгілде салынған нысандар тобына кіреді.
Алматы облысындағы Талхиз тарихи қалашығына қатысты дау тағы жанданды. Қоғам белсенділерінің айтуынша археологиялық нысанның үстінен Ақбұлақ спорт кешенін Алматы қаласымен жалғайтын трасса құрылысы жалғасын тауыпты. ЮНЕСКО тізіміне енген қаланың бұзылуы еліміз бен ЮНЕСКО арасында түсініспеушіліктің тууына соқтыруы мүмкін дегенді алға тартуда сарапшылар, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

Алматы облысындағы Талхиз қалашығының үстінен салынып жатқан жол құрылысы жалғасуда. Бұл туралы қоғам белсенділері ұйымдастырған баспасөз жиынында сөз болды. Қоғамдық ұйым мүшелерінің сөзінше, тапсырыс берушілір, яғни Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, жеке фирманың жүргізген мәлімдемесіне сүйеніп құрылысты жалғастырған. Осының салдарынан Қазақстан ЮНЕСКО құрамынан шығып қалуы бек мүмкін.

"Ұлы жібек жолы бүкіләлемдік мұрадан шығып қалады деген сөз емес бұл. Тек Қытай, Қырғызстанмен біріге өз номинацияларын әзірлеуі мүмкін. Бірақ бұл Қазақстанның қатысуынсыз жүргізіледі",- деді «Зеленое спасение» экологиялық ұйымының жетекшісі, Сергей Куратов.
Салынып жатқан жолдың жалпы ұзындығы 17 шақырымнан асып жығылады. Тарихи қалашықтың үстінен жол салмасқа болмайтын секілді. Өйткені, басқа жерден құрылыс бастаса, талғарлықтар сусыз қалуы мүмкін, - дейді тапсырыс беруші Алматы облысы автомобиль жолдары басқармасы өкілдері. Олар құрылыстың қайта жанданғанын растады.

"Қазіргі уақытта, Талхиз қалашығы бойынша жол құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мәдени қабатының жоқтығы және байқалмағандығы жөнінде қорытынды келіп түсті. Независимый эксперт,- дейді ғой... Солар шақырылды археология бойынша және Қазреставрациядан да адамдар шақырылды. Сол жерде көрсетілген мәдени қабаттың жоқтығы туралы",- деді Алматы облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы, Амангелді Аппақов.

Талхиз - орта ғасырдағы 33 қалашықтан тұратын Ұлы Жібек жолының бөлігі. Ол Қазақстан, Қырғызстан және Қытайда бір мақсатта, бір мезгілде салынған нысандар тобына кіреді. Қоғам белсенділері Талхиз қалашығы жермен жексен болатын болса, ЮНЕСКО тізіміне кіретін Ұлы жібек жолының бөлігі кесіледі және тиісінше Біріккен ұлтттар ұйымы конвенциясы өрескел бұзылады дегенді алға тартуда. Тіпті, бұл ұйым өз сарапшыларын жіберіп, арнайы сараптама да жүргізбек. Еске сала кетейік, 2015 жылдың басында арнайы комиссияның шешімімен Талхиз маңында жол салу жұмыстары тоқтатылған болатын. Себебі, ежелгі қалашық осыдан екі жыл бұрын ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енген.

Азамат Әуезхан,Әсет Құндақбаев

Фото: www.almaty.tv
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: