Ұзынағаш оқиғасы: Қалған 6 бас мал табылса, қылмыстың жаңа деректері ашылуы мүмкін
Zakon.kz
Ұзынағашта айуандықпен өлтірілген үш жігіттің туыстары Елбасыдан ату жазасын енгізуді сұрап отыр.
Ұзынағаш базарында мал сатып жүріп жоғалып, соңынан мәйіттері табылған үш жігттің 36 бас малы ақы иелеріне қайтарылған болатын. Ал қалған 6 бас ірі қарадан еш дерек жоқ, деп хабарлайды Baq.kz.
Айуандықпен өлтірілген үш жігіттің ағасы Әмірбайұлы Тұрсынның айтуынша, қазірше ұсталған екі күдіктіден басқа жаңа деректер жоқ. Бірақ, інілері сатуға апарған 42 бас малдың 36-сы ғана Жамбыл аудандық полиция тарапынан ақы иелеріне қайтарылған. Қалған 6 бас малдың қайда екені әлі белгісіз.
«Сол жоғалған малдар табылса, жаңа қылмыс дерегі ашылуы мүмкін. Бұл жөнінде осы іспен айналысып жатқан полицейлер де, тергеушілер де үнсіз. Екі күдікті тұратын Сұраншы батыр ауылын және қылмыс болған жерлерді мұқият тексерсе, тағы да жаңа деректер ашылар еді», - дейді Тұрсын Әмірбайұлы.
«Ұзынағаш ісі» бойынша күдіктілер Талғат Сүлейманов пен Мұрат Оңалбаевтың адвокаты Алматы облысында қаза тапқан ағайындылардың өліміне қатысты оқиғаның мән-жайын айтып берген болатын.
Адвокат Меркебек Мәкенбаевтың айтуынша, оның қорғалушылары осыған дейін сотты болмаған.
«Олардың отбасылары бар. Әрқайсысында жеке жер үй мен малы бар. Сүлеймановтың үш ұлы бар – кенже ұлы үш жаста. Оңалбаевтың да үш ұлы бар. Олар Ұзынағаштан 25 шақырым жердегі ауылда тұрады», - дейді адвокат.
Сонымен қатар, адвокаттың айтуынша, қайтыс болған ағайындылар мен күдіктілер таныс болмаған. Күдіктілерден алынған жауап бойынша, оқиғаның хронологиясы былай өрбіген:
17 қыркүйекте Сүлейманов Ұзынағаштағы мал базарына барады. Ол мал шаруашылығымен айналысады. Сенбіден жексенбіге қараған түні базарда әдетте адамдар көптер жиналады: біреу мал әкеледі, екіншісі орын алып қояды. Осылайша, күдіктілер де сол күні базарға келіп, өзінің 2-3 бұзауын сатады.
Кейіннен Сүлейманов екі көлікпен мал әкелген ағайындыларды көріп, олармен саудаласа бастайды. Сүлейманов 16 бас сиыр сатып алады. Алынған тауар үшін күдікті Сүлейманов сатушыларға 2 миллион теңгеден аса ақша береді. Содан күдіктілер ағайындылардың жүк көлігімен малдарды Сұраншы батыр ауылына апарады. Жолда Сүлейманов өзінің ауылдасы Оңалбаевқа хабарласып, одан малдарды көліктен шығаруға көмектесуін сұрайды. 28 қыркүйекте шамамен сағат 13.00-де олар Сүлеймановтың үйіне келіп, малдарды сонда қалдырады.
Айта кетейік, олар ағайындылардың 36 малын сатып аламыз деп келіскен екен.
«Содан Сүлейманов оларды алдап, 20 малды оның тау жақта тұратын туысы алғысы келетінін айтады. Сонда қалған ақшаны береміз деп келіскен. Олар ағайындыларға тағы екі миллион 800 мың теңге төлеу керек болатын. Осылайша, мал сатушылар келісіп, менің қорғалушым өзімен бірге винчестер алып шығады. Ағайындардың «Қаруды неге алып шықтың?» деген сұрағына Сүлейманов онда қасқырлар көп деп, қаруды қойшыларға апарып беретінін айтқан», - деді Меркебек Мәкенбаев.
Тауға баруға келіскен үш ағайынды мен күдіктілер осылайша жолға шығады. Олардың соңынан сұр түсті Mercedes көлігін жүргізіп келе жатқан Оңалбаев келеді. Таудағы қораға жақындаған бойда олар Сулы сай шатқалының алдына барып тоқтайды. Содан малшылар Камаздан 12 малды түсіреді.
«Шатқалға жеткенде Сүлейманов қасындағы ер адамның арқасына оқ атады. Алайда ол құламайды. Содан менің қорғалушым екінші рет тағы оқ атады. Содан ер адамның мәйітін алып, шөптің арасына тығып, ары қарай кете береді. Сол жақта Сүлейманов ағасының мал қорасында қалғанын айтады. Шатқалда Талғат Сүлейманов екінші ер адамды атып өлтіреді. Осыны көрген Мұрат оған «осы қылмыс үшін қамауға алынатындарын» айтқан. Ал Талғат болса оның бұл айқайына «Егер сен маған қазір көмектеспесең, сені де өлтіремін» деп жауап қайтарған», - деді адвокат.
Сүлейманов Мұратты қорқытып, оған үшінші ер адамды шай ішуге шақыруын бұйырады. Содан Мұрат үшінші ер адам жаққа қарай бет бұрған болып, жолда жасырынып қалады. Біршама уақыт өткен соң Сүлеймановтың өзі сол жаққа қарай барып, табиғатты тамашалап жүрген үшінші ер адамды көреді.
«300 метр биіктікте тұрып, винтовкамен үшінші ер адамның басына оқ атады. Содан Мұратты тауып алып, оны көмектесуге мәжбүрлейді. Сөйтіп екеуі мәйіттерді Камазға салады. Мүрделерді Камаздың ішіндегі тезектермен жауып тастайды да кері жолға шығады.
Алайда жүк көлігі жолда бұзылып қалады. Содан олар Камазды сол жақта тастап, үйлеріне қайта береді. Мұның барлығын Сүлеймановтың өзі айтып берді. Кінәсін толықтай мойындады. Ағайындыларды өлтірген соң қатты қиналғанын және дүйсенбіде өзі келіп, кінәсін мойындамақшы болғанын да айтты. Сондай-ақ, ол үш ер адамды 20 малды тартып алу үшін өлтіргенін айтты», - деді адвокат.
Сонымен қатар, адвокат күдіктілердің бұл қылмысты алдын ала ойластырмағанын мәлімдеді.
Ал Алматы облысы прокуратурасы бірінші басқармасының аға прокуроры Әлібек Мырзабековтің мәлімдеуінше, ағайынды үш жігітті ұрланған мылтықпен атып өлтірген.
«Мылтықты иесі 2 ай бұрын жоғалтқан. Қазыргі таңда Алматы облысында қару-жарақ тонау фактілері жиілеп кеткен. 200-ден астам қару-жарақ ұрланған қару тізімінде тұр. Облыстық прокуратура қызметкерлерінің айтуынша, «Олардың ешқайсысы табылмаған. Негізінен қаруды жеке тұрғын үйлерден кейде сейфтерымен қоса қолды қылады. Ұрланған қару тек қылмыс жасалғанда ғана әшкереленіп жатады. Қазіргі таңда Алматы облысы тұрғындарының қолында 24 мың бірлік қару ресми тіркеуде тұр», - деді Әлібек Мырзабеков.
Естеріңізге салсақ, Талдықорған қаласына жақын маңдағы Көксу ауданының 3 тұрғыны Алматы жақтағы Ұзынағаш базарында мал сатамыз деп із-түзсіз жоғалып кеткен болатын. Кейінірек олардың өлі табылғаны хабарланған еді. Ведомстводағылардың айтуынша, марқұмдардың денесінде зорлық белгілер бар.
Полицейлер кісі өлтірді деген күдіктілерді ұстады. Олар Жамбыл ауданының екі тұрғыны. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша соталды тергеу басталыпты. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тергеу аяқталғанша, ұсталғандар екі айға – 24 қарашаға дейін қамауға алынды. Кейінірек Сағынтаев Алматы облысында өлтірілген ағайындылардың оқиғасына қатысты пікір білдіріп, сала министріне тиісті тапсырма берді. Сондай-ақ, Мәжілісте де, Сенатта да қаза тапқан ағайындылардың оқиғасына қатысты мәселе көтерілді.
Ұзынағашта айуандықпен өлтірілген үш жігіттің туыстары Елбасыдан ату жазасын енгізуді сұрап отыр.
Фото: Qamshy.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript