14 түрлі иіссу сатылымнан алынды
Zakon.kz
Тәркіленген парфюмерлік тауар құрамын анықтау үшін Астанаға жолданды.
14 түрлі иіссу сатылымнан алындыМаңғыстаудағы Шетпе ауылының оқушылары уланған әтірдің «Ясин» дүкенінен сатып алынғандығы белгілі болды. Аталған сауда нүктесін тексерген құзырлы органдар тиісті құжаттардың түгел еместігін анықтады, деп хабарлайды AlashInform.kz, Baq.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап
Бұдан бөлек, лицензиясы жоқ 14 түрлі иіссу сатылымнан алынған. Тәркіленген парфюмерлік тауар құрамын анықтау үшін Астанаға жолданды.
Естеріңізге сала кетейік, 17 қазанда Алшын Меңдалыұлы атындағы орта мектептің алты оқушысы әтірден уланған еді. Дәріс кезінде иіссу қолданған жеткіншектер аздан соң өздерін жайсыз сезінген. Көздері қызарып, бойларын әлсіздік жайлаған. Оларға емханада алғашқы емдік шаралары көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілген.
«Біздің зертханада әтірдің теріге әсері тексерілді. Ал нақты құрамын анықтауға мүмкіндік беретін токсикологиялық сараптама Астанада жасалады. Нәтижесі алдағы күндері жарияланады» , - деді облыстық Тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы Рабиға Милибаева.
Фото: yavmode.ru
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript