Павлодарда 500-ге жуық ағаш отырғызылды
Zakon.kz
Усолка саябағында 50 шетен мен 10 қарағай, Ленин көшесіндегі Ардагерлер саябағында 50 мойыл, долана және бадам отырғызылды.
Павлодарда соңғы сенбілікте 500-ге жуық ағаш отырғызылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Павлодар қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы көріктендіру және жасылдандыру секторының мәліметінше Усолка саябағында 50 шетен мен 10 қарағай, Ленин көшесіндегі Ардагерлер саябағында 50 мойыл, долана және бадам отырғызылды. Ал, Гагарин саябағында ақ қайын мен қарағай салынды. Сонымен қатар, Володарский саябағында жүргізілген жөндеу жұмыстары кезінде кесілген ағаштардың орнына 50 қарағай отырғызылды.
- Сенбілікте мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер және басқа да қала тұрғындары белсендік танытты. ПИК-нің өтінімдері бойынша да жас ағаштар көптеп берілді. Орман шаруашылығы басқармасы түрлі 70 ағаш әкелді. Ал, Павлодар қаласының Талғат атты тұрғыны балқарағайларды сыйлады. Осыдан жеті жыл бұрын ол жеті ағашты өз ауласында отырғызған болатын, енді білім мекемелеріне сыйға тартты. Бұл ағаштың бағалы түрі болғандықтан оның өсуіне жақсы жағдай жасалса дейміз, - деді тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы көріктендіру және жасылдандыру секторының бас маманы Әсия Зәкірянова.
Фариза Қазыбекқызы
Фото: Рavlodarnews.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript