Лента новостей
0

Павлодар облысында Өзбекстан елінің 79 азаматы құтқарылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 24.10.2016 18:40 Zakon.kz
80-ге жуық адам мектептің мәжіліс залына орналастырылды. Жолаушылардың арасында төрт әйел адам бар.
Павлодар облысында жолаушылар автобусының істен шығуы салдарынан 79 адам құтқарылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД-нің мәліметінше, оқиға кеше сағат 22.50-де Қалқаман кентіне дейінгі 15 шақырым қашықтықтағы жолда орын алған. Ресей Федерациясының Омбы қаласынан Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласына бет алған автобус Өзбекстан елінің азаматтарын тасымалдаған. Жолға шыққан азаматтардың барлығы түнде Достық ауылдық аймағындағы мектепке жеткізілген.

- 80-ге жуық адам мектептің мәжіліс залына орналастырылды. Жолаушылардың арасында төрт әйел адам бар. Қазіргі таңда барлық жағдай жасап, тамақпен қамтамасыз еттік. Қажет болса, медициналық көмек көрсетіледі. Алайда олардың жағдайы жақсы. Шамамен бүгін немесе ертең Шымкенттен көлік келіп, алып кетеді деп күтілуде, - дейді Достық орта білім беру мектебінің директоры Гүлнар Қожанова.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: Рavlodarnews.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: