Лента новостей
0

Қазақстанда мұнай өндіру көлемі 8,9 пайызға артты

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 24.10.2016 20:48 Zakon.kz
Өткен аптаның қорытындысы бойынша тәуліктік мұнай өндіру көлемі 8,9 пайызға артып, тәулігіне 1,559 млн. баррельге жетті. Бұған қоса, газ өндіру де 17,6 пайызға өсіп, 122,5 млн. текше метрге жетіп отыр.
Қазақстанда мұнай өндіру көлемі 8,9 пайызға артып, тәулігіне 1,559 млн. баррельді құрады, деп хабарлайды Егемен-ақпарат, ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Өткен аптаның қорытындысы бойынша тәуліктік мұнай өндіру көлемі 8,9 пайызға артып, тәулігіне 1,559 млн. баррельге жетті. Бұған қоса, газ өндіру де 17,6 пайызға өсіп, 122,5 млн. текше метрге жетіп отыр. Соңғы тәулікте мұнай өндіру өсімі барлық мұнай өндіруші компанияларда тіркелген», – делінген «Мұнай және газ ақпараттық-сараптамалық орталығы» АҚ таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар аталған орталық мәліметтеріне сәйкес, апта ішінде еліміздің жетекші 3 мұнай өңдеу зауыттарында мұнай өңдеу көлемі 1,7 пайызға азайып, тәулігіне 222,1 мың баррельге дейін төмендеген. Айта кетерлігі, мұнай өңдеу көлемінің қысқаруына Шымкент қаласындағы «Петро Қазақстан ойл Продактс» зауытының жоспарлы-мәжбүрлі жөндеу жұмыстарына байланысты тоқтатылуы себеп болуда.

Өткен апта қорытындысында дизель отынының еліміздің облыстарындағы орташа бағасы 128,2 теңгені құраған. Бұл ретте ең жоғары баға Ресеймен шектесетін Павлодар облысында литріне 136,1 теңге, Шығыс Қазақстан облысында 133,9 теңге, Солтүстік Қазақстан облысында 132,4 теңге, Батыс Қазақстан облысында 132,4 теңге және Астана қаласында 132,2 теңге көлемінде белгіленген. Мұндай жайт Ресейдегі дизель отынының орташа бағасының литріне 190 теңге болуына байланысты орын алуда. Бұл транзиттік көлік құралдарының тек Қазақстан аумағында жанармай құюы үшін экономикалық алғышарт жасауда. Ал жергілікті жанармай құю бекеттері жергілікті тұтынушылар тапшылық көрмеуі үшін бағаны көтеруде.

Фото: Abai.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: