Лента новостей
0

Шымкентте иіс тию салдарынан 2 бала ажал құшты

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 24.10.2016 22:37 Zakon.kz
Пәтердің иелері лоджияға суды жылытқыш пен газ плитасын алып шыққан, ал түтіндікті лоджияға қабырға арқылы шығарған.
Шымкентте ұл бала мен қыз бала иіс тию салдарынан қаза тапты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Ұл бала 8, қыз 16 жаста болған. Қайғылы оқиға Шымкенттің 18-ші шағын ауданында көп пәтерлі тұрғын үйде түнгі уақытта орын алған.

Төтенше жағдай қызметінің ақпаратынша, қайғылы оқиғаның орын алуына газ жабдықтарын монтаждаудың техникалық талаптарының бұзылуы себеп болған. Бұл пәтердің иелері лоджияға суды жылытқыш пен газ плитасын алып шыққан, ал түтіндікті лоджияға қабырға арқылы шығарған.

Газ шаруашылығының апаттық қызметі газ кранын жауып, есептеу құрылғысына сүргі салған. Төтенше жағдай және газ қызметкерлері түтіндіктер мен жабдықтарды барлық нормалар мен талаптарға сай жөндеу керек екенін ескертеді.

Фото: www.inform.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: