Қытай студенті қазақша ән шырқады
Zakon.kz
Бейжің шет тілдер университетінің жанындағы «Қазақстан орталығында» шамамен 90 қытай студенті тіл үйреніп жүр.
Бейжің шет тілдері университетінде магистратурада «орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім алатын 3 курс студенті Ли Чунъян қазақ әндерін жатқа біледі әрі сүйіп шырқайды. Ол «Қазақстан орталығында» таяуда ғана қазақ тілін үйренуге ден қойған, деп хабарлайды ҚазАқпараттың Қытайдағы тілшісі Садық Әкіжанов.
«Мен бірнеше мәрте қазақ тілін үйрену сабақтарына қатыстым. Бұған дейін қазақ әндерін мағынасын білмесем де жаттап алған болатынмын. Маған олардың әуені мен ырғағы өте ұнайды, сондықтан мен қазақ тілін факультативтік пән ретінде таңдап алдым. Менің атым Чунъян қазақша «үлкен мұхит» деп аударылады, «ян» деген сөз «жан» секілді естіледі, сондықтан мен қазақша Байжан деген атты таңдадым. Маған Жанар Дұғалова мен «Кешью» тобының өнері, Қайрат Нұртастың орындауындағы «Алматының түндері-ай» әні ұнайды», - деді ол ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында. Кейін ол «Ризамын» әнінің бір шумағын орындап берді.
Еске сала кетсек, Бейжің шет тілдер университетінің жанындағы «Қазақстан орталығында» шамамен 90 қытай студенті тіл үйреніп жүр.
Фото: www.inform.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript