Лента новостей
0

ОҚО-ға жұмыс сапарымен «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары келді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 25.10.2016 19:47 Zakon.kz
Бүгін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары М.А.Құл-Мұхаммед Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді.
Сапары барысында Мұхтар Құл-Мұхаммед «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан 5 қабатты тұрғын үй құрылысы мен «Достық» шағын ауданындағы 1200 орындық мектептің құрылысын аралап көреді. Бұл туралы zakon.kz ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан апаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Партия Төрағасының Бірінші орынбасары сонымен қатар, көкөніс өндірумен айналысатын еліміздегі ең ірі жылыжай кешенінің жұмысымен және «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан шыны бұйымдарын шығаратын «ЕвроКристалл» зауытына барды.

Мұхтар Құл-Мұхаммед өндіріс үдерісімен таныса отырып, жұмысшылармен әңгімелесу кезінде қазақстандық өндірушілердің жергілікті өнім өткізу нарығымен шектеліп қалмауы тиіс екендігін баса айтты. Экспортты дамыту кәсіпорындарға өндіріс көлемін үнемі кеңейтуге, арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға, сөйте отырып, ел экономикасын нығайтуға және оның шикізат секторына тәуелділігін төмендетуге мүмкіндік береді.

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары облыс активімен кездесу барысында Мемлекет басшысы белгілеген республиканы дамытудың басым бағыттары туралы жан-жақты баяндап берді. Мұхтар Құл-Мұхаммед Президенттің партия алдына қойған басты міндеттерінің бірі – негізгі мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың сапасына қатаң бақылауды қамтамасыз ету, — екендігін ескертті.

Ең алдымен, бұл теңдесі жоқ «Нұрлы жол» бағдарламасын инфрақұрылымдық дамытуды қамтуға қатысты. Актив жиыны барысында Оңтүстік Қазақстан облыстық партия филиалының төрағасы болып Жансейіт Түймебаев сайланды.

Сондай-ақ, жұмыс сапарының соңында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Шымкентте Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің профессорлық — оқытушылық құрамымен және студенттерімен кездесу өткізеді.

Фото: ontustik.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: