Қарағандыда су құбыры жарылып, 1700-ден астам үй сусыз қалды
Zakon.kz
Ғимараттарға арнайы көліктермен су жеткізілген. Қазір мамандар құбырларды айырбастауға кірісті.
Қарағандыда бірнеше шағынаудан сусыз қалды. Қазір апат орнында "Қарағанды су" компаниясының арнайы бригадасы жұмыс істеп жатыр, деп жазады Астана телеарнасы.
Ірі апат құбырлар жүйесінің 4-інші су таратқышында болды. Биыл айырбасталған пластик құбыр алғашқы аязға шыдамай, жарылып кеткен. Салдарынан 1700-ден астам үй, 7 мектеп, 2 аурухана суық сусыз қалды.
Ғимараттарға арнайы көліктермен су жеткізілген. Қазір мамандар құбырларды айырбастауға кірісті. Ертең түске дейін тіршілік нәрі беріледі деп отыр.
Олег Диль, "Қарағанды су" ЖШС магистраль жүйелерінің құрылысы бойынша учаске шебері:
Диаметрі 1200 мм пластик құбыр жарылды. Өте көп көлемде су кеткен. Суды сорғызып, құбырды дəнекерлеп жатырмыз. Тұрғындарға ертең су беру үшін, түні бойы жұмыс істейміз.
Авторы: Айжан Қуаш
Фото: pmg.ua
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript