Оралда жол-көлік оқиғалары азаймай отыр
Zakon.kz
Жергілікті полиция қызметі 100 мыңдай әкімшілік-құқық-бұзушылық дерегінің жолын кескен.
Оралда жыл басынан бері жергілікті полиция қызметіне 82 мыңдай азамат хабарласқан. Бұл құқық қорғау органдарына деген халық сенімінің арта түскенін көрсетеді, - дейді полицейлер. Шахарда бұзақылық пен қарақшылық, сондай ақ, аса ауыр қылмыстар мен кәмелетке толмағандардың құқын бұзу фактілері азайған, деп жазады Хабар 24 арнасы.
Жергілікті полиция қызметі 100 мыңдай әкімшілік-құқық-бұзушылық дерегінің жолын кескен. Ал заңды белден басқандар есебінен мемлекет қазынасына 300 миллион теңге өндіріліп алынды. Алайда, жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза болатындардың саны азаймай отыр. Жыл басынан бері өңірде 337 жол апаты тіркеліп, салдарынан 74 адам көз жұмған.
Манарбек Ғабдуллин, облыстық ІІД жергілікті полиция қызметінің басшысы:
- Бұлар негізінен орын алып жатқан біздің мына республикалық, облыстық маңыздағы трассаларда. Біздің тарапымыздан 12 экипаж осы жұмыстарды атқарып жатыр. Негізінен жол-көлік оқиғасын жасайтын бірінші себеп бұл жүргізушінің салдарынан, мас күйінде жасайды. Сонымен қатар жылдамдықты сақтамау салдарынан. Екіншіден, мына қалалық жерде болатын оқиғалардың көбі бұл мына жаяу жүргіншілердің салдарынан болады.
Фото: 24.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript