Амандық Баталов дәрігерлерді бір сілкіп алды
Zakon.kz
Облыс басшысы 25 желтоқсаннан кейін біраз өзгеріс болатынын да жасырмады. Жұмыс істей алмайтындарға шара қолданамын деп қадап айтты.
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов дәрігерлерді бір сілкіп алды деп, хабарлайды ҚазАқпарат.
Қарасай ауданындағы ауруханада бір аптаның ішінде екі бірдей сәбидің шетінеуі облыс басшысының ашуын туғызды. Осы келеңсіз оқиғаға байланысты бүгін облыс әкімдігінде шұғыл түрде жиын өтті.
Амандық Баталовтың алдына шыққан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев және осы салаға тікелей жауапты облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев мардымды жауап айта алмады.
«Кемшілік бізден кетті. Тиісті дәрежеде бақылау болмады» - деп қана сөзін қайырды Бақтияр Өнербаев.
Ал, облыс басшысы алғашқыда Алматы облысында үшем дүниеге келгенде қуанышпен қабылдағанын айтты. Алайда, әкімнің қуанышы көпке созылмады.
Үшемнің бірі шетінеп кеткен. Баталов, мырзаға ақталған Қарасай ауданындағы орталық аурухананың бас дәрігері Сәуле Сауранбаева үшемнің анасы бұған дейін жеті бала туғанын айтып және ол балалардың арасы 1,5 жылдан екеніне де тоқталды.
Демек, үшемнің анасының денсаулығы әлі толықтай қалпына келмеген деген ойын білдірді. Сондай-ақ үшемдер 7 айлық екенін де атап өтті.
Бірақ, бұл жауап әкімнің одан сайын ашуын туғызды. Шетінеген сәбидің салмағы 1,5 келі болған. Ал, Баталов мырза қазіргі заманда 400 грамдық сәбидің де өмірін сақтап қалуға болатынын қадап айтты.
Сондай-ақ облыс басшысы мінбеге шығып, мереке мен жиналыс десе қос өкпесін алып жүгіретін денсаулық сақтау саласына тікелей жауапты жетекшіден бастап, басқарма басшысын нақты жұмыс істеуді міндеттеді. Және бір аптаның ішінде екі бірдей баланың шетінеп кетуіне байланысты шара қолдану үшін 10 күн уақыт берді.
Сонымен қатар, облыс басшысы 25 желтоқсаннан кейін біраз өзгеріс болатынын да жасырмады. Жұмыс істей алмайтындарға шара қолданамын деп қадап айтты.
Фото: www.volley.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript