Лента новостей
0

Ақтөбе облысында екі мұнайшы қаза тапты

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 26.10.2016 23:44 Фото: zakon.kz
Ресми емес деректерге сүйенсек, бүгін Жаңажолдан өзін жайсыз сензінген тағы бір жұмысшы жеткізілді.
Ақтөбе облысы Жаңажол кентінде жазатайым оқиға орын алды. Онда «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ екі қызметкері қайтыс болды, деп хабарлады ҚазАқпарат, «Мой город» порталына сілтеме жасап.

Алдын ала нұсқа бойынша вахта қызметкерлері арақтан уланған. Қазір істің мән-жайын еңбек жөніндегі инспекторлар анықтауда. Жұмыс берушіден оларға бір ғана адамның қаза тапқаны туралы хабарлама түсіп жатқанда, екінші қайтыс болған адам туралы да белгілі болды.

«Кеше таңертең 11-де «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның 4-разрядты көмекшісі Жайылғанов қаза тапты. Бұл Жаңажол кен орнында болды. Жаңа әзірде департамент директорымен сөйлестім, түнде мәйітті ашқан. Жұмыс орнында арақ ішкен болуы мүмкін. Қазір бәрі нақтылануда. Әзірге бір адамға ғана қатысты құжаттар ресми түсті», - деді облыстың еңбек инспекциясы басқармасы бөлімінің басшысы Жолмұрат Жұбаназаров.

Ресми емес деректерге сүйенсек, бүгін Жаңажолдан өзін жайсыз сензінген тағы бір жұмысшы жеткізілді. Алайда бұл ақпарат нақтыланған жоқ.

Фото: www.inform.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: