Лента новостей
0

Қызылордада электрондық коммерцияны дамыту жөнінде халықаралық интернет-форум өтті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 27.10.2016 16:00 Zakon.kz
Форумның мақсаты – e-commerce элементтері арасындағы өзара нақты байланыстарды дамытуға ықпал ету, сондай-ақ, логистикалық тізбекті оңтайландыру, маркетингтік технологияларды ілгерілету және онлайн-сауда компанияларының табыстылығын арттыру.
26 қазан күні Қызылордада e-commerce саласындағы отандық және шетелдік сарапшылардың қатысуымен G-Global коммуникативтік алаңында электрондық коммерцияны дамытуға арналған тұңғыш халықаралық интернет - форум өтті. Шараны «Атамекен» ҰКП және Қызылорда облысының әкімдігі ұйымдастырды, деп жазады zakon.kz.

Форум жұмысына Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қатысып, электрондық коммерцияны дамытудың аймақ экономикасы үшін маңызы зор екенін атап өтті.



- Электрондық сауданың тиімділігі көп жағдайда мемлекеттің саясатына тікелей байланысты. Өйткені электрондық коммерция оффлай бизнестің тек қосымшасы ғана. Егер мемлекет тауар өндірушілерге жағдай жасап отырса, ал интернет-дүкендерге мысалы, тауарды кедендік рәсімдеу және салық төлеу кезінде белгілі бер преференциялар жасалуы қажет, - деді әкім.

Қырымбек Көшербаев барлық қатысушыларды өзара тәжірибе алмасуға шақырды және қызылордалық кәсіпкерлер аймақта e-commerce, яғни электрондық коммерцияны дамытуға қатысты барлық ұсыныстарды қарастыруға дайын екенін айтты.

Форумның мақсаты – e-commerce элементтері арасындағы өзара нақты байланыстарды дамытуға ықпал ету, сондай-ақ, логистикалық тізбекті оңтайландыру, маркетингтік технологияларды ілгерілету және онлайн-сауда компанияларының табыстылығын арттыру.



Сонымен қатар форум спикерлері мен қатысушылар интернетте бизнес жүргізу тәжірибелерімен бөлісіп, онлайн сауда жүргізудегі электрондық коммерцияны дамыту арқылы отандық тауар өндірушілерге қолдау жасау, онлайн-сауда жүргізудегі электрондық ақшаның рөлі, көлеңкелі экономиканы азайту және өзге де маңызды мәселелерді талқыға салды.


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: