Лента новостей
0

Ақтөбе облысында төрт оқушы мұғалімдерін ұрып кетті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 27.10.2016 16:32 Zakon.kz
ІІД-дан хабарлағандай, қазір оқиғаның мән-жайын полиция қызметкерлері анықтап жатыр.
Ақтөбе облысының Қарғалы ауданында физика пәнінің мұғалімімен сөзге келіп қалған 11-сынып оқушылары оны оңдырмай сабап кеткен, деп хабарлайды Baq.kz «Диапозонға» сілтеме жасап.

Жас мұғаліммен жаға жыртысқан түлектердің үлгерімі жақсы, жаман қылықтарымен бұған дейін көзге түсіп көрмеген, дейді Арынов атындағы орта мектеп қызметкерлері.

Негізі, мұғалім мен жоғары сынып оқушылары арасындағы төбелес өткен аптада болған. Соңы төбелеске ұласқан кикілжіңнен мұғалім қолы сынып ауруханаға түсіпті.

«Оқиға сабақ аяқталғаннан кейін түстен кейін болды. 11-сынып оқушылары бізде бірінші ауысымда оқиды. Төбелеске қатысқан төрт оқушы. Жанжалдың неден туғанын біз білмейміз. Қазір бұл мәселемен полиция айналысып жатыр. Жас маманның мектепке келгеніне екі-ақ ай болды. Оқиғаға қатысы бар оқушылар бұған дейін ешқандай есепте тұрмаған, бәрінің үлгерімі жақсы. Төбелескендері жайында естігенде, өзіміз таңғалдық. Мұғалім ауруханада жатқан жоқ, тұрып жүр, бірақ қолында гипс. Әзірге жұмысқа шыққан жоқ, «больничныйда». Балалар сабаққа келіп жүр. Олардың ата-аналарымен кездестік, оқушылар мұғалімнен кешірім сұрады. Ол оларды кешірген сияқты», - деп болған жайт туралы айтып берді мектеп директорының орынбасары Бибінұр Қабатбергенова.

ІІД-дан хабарлағандай, қазір оқиғаның мән-жайын полиция қызметкерлері анықтап жатыр.

Фото: baq.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: