ОҚО-да ана мен бала өлімін азайту жайы қаралды
Zakon.kz
Өз кезегінде облыс әкімі ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілінің ұсынысын қабылдап, тиісті сала басшыларына жобаны іске асыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
ОҚО-да ана мен бала өлімін азайту жайы қаралды. Бүгін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев БҰҰ балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілі Ю.Оксамитныймен кездесті. Бұл туралы zakon.kz ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Кездесуде қос тарап ана мен бала өлімін азайту, нәрестенің туу көрсеткішін көбейтіп, баланың даму деңгейін арттыру жайын сөз етті.
«Дамыған 30 елдің қатарына ену үшін Қазақстанда ана мен бала өлімін азайтуымыз қажет. Яғни балалар арасындағы суицидпен күресуіміз керек. Бұл бағытта біз оған қарсы арнайы жоба әзірледік. Қызылордада жүзеге асырылған жоба бүгінгі күннің өзінде оң нәтижесін бере бастады»,- деді Ю.Оксамитный.
Аталған жобаны Оңтүстік Қазақстанда жүзеге асыру туралы ұсынысын айтқан мәртебелі мейман, әкімдікпен әріптестік орнатуға ниетті екенін жеткізді.
Өз кезегінде облыс әкімі ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілінің ұсынысын қабылдап, тиісті сала басшыларына жобаны іске асыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
Фото: ontustik.gov.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript