Лента новостей
0

ОҚО шаруалары мақтаның гектарынан 24 центнерден өнім алуда

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 27.10.2016 20:14 Zakon.kz
Жалпы алғанда мақта – еліміздің экономикасын өркендету ісінде зор маңызы бар өте бағалы дақыл.
Оңтүстік Қазақстан облысының климаттық жағдайы ауыл шаруашылығын оның ішінде мақта шаруашылығын дамытуға ең қолайлы аймақ болып табылады. Сондықтан Оңтүстік Қазақстан еліміздегі ақ мақтаның негізгі отаны саналады. Өңірде биылғы жылы 109,6 мың га жерге мақта шиті егілсе, бұл өткен жылғымен салыстырғанда 10,3 мың га артық. Қазіргі таңда түсімділігі орташа есеппен әр гектардан 24 центнерден 262,5 мың тонна шитті мақта немесе меженің 94,7 пайызы жиналды. Бұл туралы zakon.kz ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Мақта өңдеу ұйымдарында шитті мақта қабылдау бағасы алғашқы кезде 1 килограмы 160-165 теңгеден (2015 ж 1 кг бағасы 107 теңгеден басталған) басталып, бүгінгі таңда мақтаның 1 килограмы сортына байланысты 130-145 теңгеден қабылдануда.

Қазіргі таңда әр ауданның климаттық жағдайына байланысты 2-ші, 3-ші терім науқаны жүруде. Мақта жинау жұмыстарын қараша айының 1 онкүндігінде аяқтау жоспарлануда. Ал облыс бойынша мақта теретін 512 дана комбайн бар. Оңтүстік Қазақстанда мақта жинау жұмыстарының 65% комбайнмен теріледі.

Жалпы алғанда мақта – еліміздің экономикасын өркендету ісінде зор маңызы бар өте бағалы дақыл.

Фото: ontustik.gov.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: