Ертіс ауданында 20 жыл бойы тоқырап тұрған көпір қалыпқа келтірілді
Zakon.kz
Бұдан басқа, аудан орталығында төрт көшеде ұзындығы 12 шақырымдық жолға асфальт төселген. Оның ішінде мүлдем жөндеу жүргізілмеген Степная көшесі бар.
Ертіс ауданында 20 жыл бойы тоқырап тұрған көпірді қалыпқа келтірудің нәтижесінде шабындыққа жол ашылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
- Кеңес дәуірінде шабындық алқапқа өту үшін Луговое ауылының жанында көпір болатын. Уақыт өте келе бұл көпір пайдалануға жарамай қалып, иесіз қалған. Кейін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеп, қалыпқа келтірілді. Енді ауыл тұрғындары шабындыққа еш қиындықсыз жете алады, - дейді аудан әкімі Виктор Дубовицкий.
Амангелді ауылында көше ауласында 950 метр, Луговое ауылында 1,5 км жолдарға асфальт салынған. Бұл мақсатта аудандық бюджеттен және резервтік қордан 131 млн теңге жұмсалған. Аудан бюджетінің есебінен Ертіс ауылының көшелерінде ұзындығы 2,8 шақырым жолдарға орташа жөндеу жүргізілсе, ауыл ішіндегі ұзындығы 285,6 шақырым жолдарды күтіп ұстауға 7,8 млн теңге бөлінген.
Авторы: Ақбота Сейсенбаева
Фото: Рavlodarnews.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript