Лента новостей
0

Қызылордада терроризм актісі жайлы жалған хабар берген азамат ұсталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 28.10.2016 19:32 Zakon.kz
Аталған қылмысты жасаған азаматтар немесе кәмелетке толмаған тұлғалардың ата-анасы ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Кеше сағат 21.32 шамасында белгісіз азамат қоңырау шалып, Алматы қаласындағы метрода демалыс күндері террористік акті жасалатындығы жайлы жалған хабарлаған,-деп хабарлады ҚазАқпарат ОІІД сілтеме жасап.

Қызылорда ОІІД Экстремизмге қарсы күрес басқармасы мен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде Қызылорда қаласының 1966 жылы туылған тұрғыны анықталып, ұсталды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сезікті Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының Уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Егер де азаматтың кінәсі дәлелденген жағдайда, дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Терроризм актісі - қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру, мемлекеттік органдардың, өзге мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына ықпал ету немесе мемлекет, қоғам қайраткерлерінің қызметін тоқтату және бұрыс деп есептеген іс-әрекеті үшін кек алу мақсатында жеке тұлғаларға, ұйымдарға қарсы жасалатын немесе жасаймын деп қорқыту әрекеті болып табылады.

Аталған қылмысты жасаған азаматтар немесе кәмелетке толмаған тұлғалардың ата-анасы ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ, Қылмыстық кодексте көрсетілген жауапкершіліктен бөлек аталған құқыққа қарсы әрекеті үшін мемлекеттік органдарға келтірген залалын толық мөлшерде өтейді.

Осыған орай, облыс тұрғындарынан өздерімен бірге жолға алып шыққан заттарға бас-көз болып, қараусыз қалдырмауды және де әрбір іс-әрекеттің дұрыстығына, халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігіне нұқсан келтірмейтіндігіне көз жеткізулерін сұрай отырып, көрінеу жалған хабар беру сынды әрекеттер заң шеңберінде қатаң жазаланатындығын еске саламыз.

Аталған қылмыстық іс-әрекет ауыр қылмыстар санатына жатқызылатынын және бүгінгі күні қолда бар заманауи техникалық құралдармен терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама берген азаматтардың жүрген жерін және жеке басын анықтау ешбір қиындық туғызбайтынын білгені жөн.

Фото: www.inform.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: