Лента новостей
0

Сарыағашта 320 орындық балабақша пайдалануға берілді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 28.10.2016 20:43 Zakon.kz
Республикалық бюджеттен 529 млн 988 мың теңге қаржыға салынған. Заманауи үлгіде салынған балабақшада толық құрал-жабдық, бүлдіршіндерге арналған жиһаздармен қамтамасыз етілген.
Кеше, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесінің аясында Сарыағаш қаласының Самал мөлтек ауданындағы №30 бөбекжай балабақшасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы zakon.kz ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Нысанның ашылу рәсіміне аудан басшысы Қ.Әбдуалиев, «Нұр Отан» Сарыағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары П.Тұрсындаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Сүлейменовтер қатысып жаңа ғимараттың лентасын қиды.

Балабақша 320 орындық, құрылыс жұмыстары 2014 жылы басталып 2015 жылы тапсырылған. Республикалық бюджеттен 529 млн 988 мың теңге қаржыға салынған. Заманауи үлгіде салынған балабақшада толық құрал-жабдық, бүлдіршіндерге арналған жиһаздармен қамтамасыз етілген.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында берген тапсырмасына сәйкес «Балапан» бағдарламасы бойынша Сарыағаш ауданы аумағында 28 мемлекеттік, 162 жекеменшік балабақша мен 30 шағын орталық жұмыс істеп, аудан бойынша балаларды балабақшамен қамту деңгейі 83,4 % құрап отыр.

Фото: ontustik.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: