СҚО-да денсаулыққа қауіпті ойыншық табылды
Zakon.kz
Айыппұлдың жалпы сомасы 3,7 млн теңге. 2015 жылы зерттелген 28 ойыншықтың 21-і КО техрегламенті талаптарына сәйкес келмеген.
Жыл басынан бастап СҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандары сынама алу барысында тиісті талаптарға сәйкес келмейтін 84 ойыншықты анықтады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мамандар ойыншықтарды Петропавл мен облыс аудандарының 23 сауда нүктесінен сатып алған. 20 нысанда Кеден одағының техникалық регламенті талаптарын бұзушылық анықталды. «Балалар ойыншығынан 129 сынама алынды, олардың 84-і (65 пайызы) таңбалау бойынша техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейді. 3 сынама - балалардың денсаулығы үшін қауіпті. Олардың құрамында органолептикалық, физика-химиялық көрсеткіштер, уытты зат - дибутилфталат бар. Барлық қауіпті ойыншықтар айналымнан алынып тасталды», - деп сұхбат берді ТҚҚД бас маманы Светлана Остапенко.
Сатылымдағы ойыншықтардың басым бөлігі ҚХР-дан әкелінеді, олардың көбінесе қандай бұйымнан жасалғаны белгісіз. Кәсіпкерлер оларды сәйкестікті растайтын құжаты жоқ нарықтардан сатып алады. Осындай ойыншықтарды сатуға жол бергені үшін жеке кәсіпкерлерге әкімшілік құқық бұзушылық туралы 20 хаттама жасалды.
Айыппұлдың жалпы сомасы 3,7 млн теңге. 2015 жылы зерттелген 28 ойыншықтың 21-і КО техрегламенті талаптарына сәйкес келмеген. Құрамында фенол, формальдегид, органолептик бар. 790 мың теңгеден астам сомаға 4 хаттама жасалды. Мамандар тұтынушыларға сертификат талап етуді ұсынады.
Фото: www.inform.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript