Лента новостей
0

Жастар денсаулығы орталығы жүлделі орында

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 31.10.2016 19:49 Zakon.kz
Дерекқорда 60 586 жасөспірімдер мен жастардың мәліметі жинақталған. Бұл барлық жастардың 30,1%-ын құрайды.
Былтыр Республикада дербес түрде Қызылорда облысында, «Жастар Денсаулығы орталығы» Мемлекеттік мекемесі құрылған. Орталық 12-29 жас аралығындағы жастар мен жасөспірімдерге денсаулықты сақтау мәселелері бойынша кешенді медициналық, психологиялық, әлеуметтік көмек көрсетеді. Орталықта жалпы тәжірибелік дәрігер, дерматовенеролог, уролог, акушер-гинеколог, қоғамдық денсаулық сақтау дәрігер, психолог, валеолог, психотерапевт, әлеуметтік қызметкер, заңгер, суицидолог жұмыс жасайды, деп хабарлайды zakon.kz.



Сондай-ақ, тәулік бойы анонимді түрде тегін психологиялық көмек көрсететін 8 – 800 – 080 – 22 – 26 «Жедел желі» телефоны қызмет көрсетеді. «Жедел желіге» айына 200-ден астам қоңырау қабылданады.

Денсаулығы мықты, рухани дүниесі бай, жаны мен тәні таза, танымдық белсендігі, өзіндік білім алуға деген ынтасы жоғары азамат қалыптастыру - облыстық жастар денсаулық орталығы ұжымының басты қағидасы. Осы бағытта жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, шығармашылық ой-өрісін дамыту үшін «салауатты тамақтану мектебі», анонимді кабинеттер, ақпараттық интернет, арт – терапия, жаттығу, би залдары, үстел теннисі, қолөнер, шахмат, шашка, тоғызқұмалақ үйірмелері бар және онда келуші жастар саны басым.



«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында облыстық жастар денсаулығы орталығы жастар мен жасөспірімдер арасында профилактикалық жұмыстарды күшейту мақсатында 2016 жылдың 9 айында облыс бойынша 2655 шара өткізіліп, 108 464 жасты (53,8%) қамтыды. Жедел желі арқылы соғылған қоңыраулар саны бір жылда 3,8 есеге көбейген.



Зерттеу нәтижесінен жастар денсаулықты сақтау және нығайту туралы қажетті ақпаратты (39,7%) әлеуметтік желілерден алатындығы белгілі болды. Осыған орай, орталық мамандары облыс көлеміндегі мектеп оқушылары, колледж және жоғары оқу орындары студенттерінің ұялы байланыс телефондары және ғаламтор желілеріндері пошталарының дерекқор бағдарламасын әзірледі.



Дерекқорда 60 586 жасөспірімдер мен жастардың мәліметі жинақталған. Бұл барлық жастардың 30,1%-ын құрайды. Бағдарламаның мүмкіндігі шегінде WhatsApp, веб-сайт және E-mail желілерімен хабарлама таратуға және сауалнама таратылып, онлайн кеңес жүргізілуде. Жастарға өз денсаулықтары жөніндегі кез-келген сұрақтарға жауап беру мақсатында, орталық әлеуметтік желілерді (Facebook, Instagram, В контакте, Twitter) кеңінен пайдалануда.



Ал «Терезесі тең» қағидасы бойынша 168 ерікті жұмыс жасауда. Бүгінде республика көлемінде 91 жастар денсаулық орталықтары қызмет атқарады. Жуырда осыншама орталықтардың ішінде республика бойынша Қызылорда облыстық «Жастар денсаулық орталығы» жүлделі орынды иеленді.



Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: