Лента новостей
0

Павлодарда бірнеше шаруа қожалығын тонаған қылмыстық топ ұсталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 31.10.2016 21:15 Zakon.kz
Күдіктілердің облыс аумағында жасалған 20 тонау оқиғасына қатысы бары дәлелденді.
Павлодарда полицейлер миллиондаған теңгені қолды қылған қылмыстық топты құрықтады, деп хабарлайды Bnews.kz.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің ақпаратынша, оңай олжа тапқысы келгендер өңірдегі ірі шаруа қожалықтарын тонаған.

«Белгісіз біреулер Ақтоғай ауданындағы «Ақтоғай Агро» ЖШС кеңсесіне жасырын кіріп, сейфті бұзып, 15 миллион теңгеден астам ақшаны ұрлап кеткен. Қылмыстың бетін ашу мақсатында арнайы жедел тергеу тобы құрылды. Тергеу нәтижесінде күдіктілер анықталып, олардың алдын ала жоспар құрып, қылмысқа барғаны белгілі болды. Төрт күдікті аталған кәсіпорыннан тағы 1,5 миллион теңге ұрлап жатқан жерінен ұсталды. Олар қолды қылған ақшаны көлік орындығының астына тығып қойған», - деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, күдіктілердің облыс аумағында жасалған 20 тонау оқиғасына қатысы бары дәлелденді. Олар 8 факті бойынша жауапқа тартылады. Атап айтсақ, «Ақтоғай Агро» ЖШС-нен – 15 миллион теңге, «Мұқашев» ЖК-нің сауда кеңсесінен 6 млн теңге, «Арго» ЖШС-нен – 6 млн теңге, «Пахарь» ЖШС-нен – 4 млн теңге және екінші деңгейлі банктен 4 млн теңге ұрлағаны әшкере болды.
Күдіктілердің барлығы қамауға алынды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Фото: azh.kz


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: