Лента новостей
0

Олимпиада чемпионы атағынан айырылған спортшылар мемлекеттік сыйақыны қайтармайды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 01.11.2016 23:34 Zakon.kz
Халықаралық Олимпиада комитеті допинг сынамада тыйым салынған заттар табылған 2012 жылғы Олимпиада чемпиондары Светлана Подобедова, Майя Манеза, Зульфия Чиншанлоның көрсеткен нәтижелері жоққа шығарылған.
Олимпиада чемпионы атағынан айырылған спортшылардан мемлекеттік сыйақы қайтарып алынбайды. Бұл туралы бүгін ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Споршы жарысқа шығар алдында ең бірінші кезекте Олимпиада хартиясымен және WADA кодексімен толықтай келіседі. Міне, спортшы осы екі негізгі құжатты қабылдай отырып, Олимпиада ойындарына қатысады. Олимпиада ойындарына қатысатын спортшы қандай да бір допингтік оқиғаға тап болар болса, онда медальді қайтару туралы шартқа қол қояды»,- деді вице-министр.

Осы ретте ол бұған дейін де допинг дауына ұрынған спортшылардың болғандығын атап өтті. Мәселен, оның сөзіне қарағанда, допинг дауына іліккен АҚШ-тың 15 спортшысының 4-еуі ғана медальдарын қайтарып берген. Ал 14 ресейлік, 11 болгар медальдарын қайтармаған.

«Бұл нақты ақпараттар. Сондықтан да бұл спортшының өз шешімі болмақ. Егер ХОК мұндай талап қоятын болса, онда мұндай шешімге наразылық танытуға 20 күн бар. Ал егер спортшы (наразылық танытудан) бас тартса, онда медальді қайтару-қайтармау оның ар-ожданына байланысты. Бірақ, оның ешқандай да құндылығы болмайды. Тек Лондондағы немесе Бейжіңдегі Олимпиада ойындарынан естелік медаль болып қана қалмақ. Өйткені, қалай болғанда да оны атағынан айырады», - деді Мұсайбеков.

Сонымен қатар ол БАҚ өкілдерінің Олимпиада чемпиондарына мемлекет тарабынан берілген сыйақыға қатысты сауалдарына да жауап берді.

«Мұндай жайт орын алды, не істейміз, енді? Оған көну қажет. Ал сыйақыға, пәтерге қатысты айтар болсам, біздің заңнамамызда спортшы допингке ілігетін болса, онда бұған дейін берілген сыйақы немесе пәтер қайтарып алынады деген норма жоқ», - деді ол.

Айта кетейік, Халықаралық Олимпиада комитеті допинг сынамада тыйым салынған заттар табылған 2012 жылғы Олимпиада чемпиондары Светлана Подобедова, Майя Манеза, Зульфия Чиншанлоның көрсеткен нәтижелері жоққа шығарылғанын ресми хабарлаған болатын.

Фото: RUSTT.ru
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: