Лента новостей
0

Павлодарда сәбилер үйіндегі балалардың 75 пайызын әлеуметтік жетімдер құрайды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 01.11.2016 23:58 Zakon.kz
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 70 жылдық тарихы бар сәбилер үйіне 2014 жылы 120 бала, 2015 жылы 149 бала және биыл 128 бала қабылданған.
Павлодар облыстық сәбилер үйіндегі балалардың 75 пайызын әлеуметтік жетімдер құрайды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы агенттіктің жолдаған ресми сауалына берген жауабына облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Қасымов мәлім етті.

- Бүгінгі таңда сәбилер үйінде 72 бала бар. Мұнда жарық дүние есігін ашқан балғындар төрт жасқа дейін, ал мүмкіндігі шектеулі балалар бес жасқа дейін тұрады. Олардың басым бөлігі, 75 пайызы - әлеуметтік жетімдер. Яғни, мұндай балалардың биологиялық ата-аналары бар болғанмен, олардың ата-ана құқықтарына шектеу қойылады. Дегенмен көп жағдайда жалғызбасты аналар сәбилерін тастап кетеді. Сондай-ақ, кейбіреулері тұрғын үй мен баланы асырау үшін қаражаттың жоқтығына, туыстары тарапынан қолдаудың болмауына байланысты және нәрестенің бойында туа біткен ауытқу болған жағдайда бауыр еті баласынан бас тартып жатады, - деп жазылған Нұрлан Қасымовтың жауабында.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 70 жылдық тарихы бар сәбилер үйіне 2014 жылы 120 бала, 2015 жылы 149 бала және биыл 128 бала қабылданған.

2016 жылы тоғыз айдың ішінде 24 баланы ата-анасы қайтарып алған. Сондай-ақ, 2015 жылы 10 бала, биылғы жылы төрт бала асырап алынған болса, 14 бала патронаттық және қамқоршы отбасыларға тапсырылған.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: Рavlodarnews.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: